• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:03:26
Алматы
+35°

Қала күнін мерекелеу бағдарламасы туралы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Барлық қалалық мұражайлар мен кітапханаларда қала тарихы туралы көрмелер ұсынылады. Алайда, негізгі іс-шаралар 20-22 қыркүйек аралығында өтеді. Осы күндері орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Book Dating форматында шара өтіп, сондай-ақ қалалық мәдениет сарайында ақын Дүйсенғазы Нығметжановтың күйтабағы таныстырылады. Спорт  сүйер қауым футболдан өтетін жарыста бас қоспақ. "Северный" сауда орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

вчс

22 қыркүйек күні мереке сағат 11.00-де басталып, сағат 23.00-дейін жалғасатын болады. Мейрам Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейханов және басқа да маңызды тұлғалар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен басталып, орталық алаңдағы ауқымды шаралармен қорытындыланбақ.

– Қала күнінде әр түрлі алаңдар жұмыс істейтін болады. "Мейірімді Семей" балалар фестивалі, ретро автокөліктер шеруі сынды шаралар халыққа ұсынылмақ. Сондай-ақ, бес тақырыптық фотоаумақтың болатынын да атап өткен жөн. Кез келген ниет білдіруші бұл жерлерде  естелік суретке түсіре алады. Сондай-ақ, Smart-TV аймағы жұмыс істеп, тұрғындар әртістерді  тыңдап қана қоймай, өздері караокеде ән айтуға мүмкіндік алады.  Сағат 19.00 бастап Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерттік бағдарлама, мерекелік отшашу  және семейліктерге арналған би кеші ұйымдастырылады.  Бұл күні қала әкімі жаңа туған нәрестелерді, жас жұбайлар мен ардагерлерді мерекемен құттықтайды, – деді Назерке Аққожина.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір