• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:55:49
Алматы
+35°

Жамбылдық Дулат Болатбекұлы Құран жарысынан Түркия Президентінің жүлдесі үшін болған сайыстан олжалы оралды. Ол бұған дейін Құран оқудан республикалық, әлемдік деңгейде ұйымдастырылған байқаулардан үздік шыққан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қаршадайынан бес уақыт намазын қаза қылмаған отбасыдан тәрбие көріп өскен жас қари әкесінің көлігінде қосылып тұрған Құраннан оның бірнеше сүрелерін жаттап алған. Баласының бойындағы дінге деген жақындықты байқаған әкесі де Дулаттың бір кездері облыстың бас имамы болған Данияр Жұмабаевтың тәрбиесіне берген екен. Жастайынан дін ұстазының алдын көрген шәкірт 14 жасында республикалық Құран оқу жарысының жеңімпаз атанған. Осылайша аталған сайыстан соң ел намысын шетелдік бәсекелерде қорғауға мүмкіндік алған Дулаттың халықаралық бәсекелердегі жеңісті жорығы Индонезиядан басталыпты. Кейіннен Түркияда арнайы курста білімін шыңдаған талапты жасқа Президент сыйлығы үшін өтетін Құран оқу жарысына қатысу туралы ұсыныс түскен.

–Бұл ұсынысқа қуана келісім бердім. Әлбетте бұл сайыста жеңіске жетуден бұрын қатысудың өзі ғанибет. Стамбул қаласында өткен бұл жарысқа әлемдегі мұсылман елдерінен суырылып шыққан үздіктер қатысты. Бұл байқау он екі кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын сұрақтар да қиындай береді. Мұнда Құранның 400-і бетінің 8-і қатарынан немесе қандай да бір сүренің соңғы аятын оқу туралы талап қойды. Қазылар алқасы үміткерлерді Құранның кез келген жерінен сұрақ қойып, сүріндіруге тырысты. Соған қарамастан жарыстың қорытындысы бойынша үш қатысушы «Алтын белгі» бұйырды,–дейді жас қари.

Шын мәнінде асқан ыждаһаттылық пен тиянақтылықты қажет ететін сайыста жеңіс тұғырынан көрінуге Дулат Болатбекұлына отбасы ошақ-қасында көрген тәрбиенің де ықпал зор болғанын атап өтпеске болмайды.

–Әке-шешеміз мен ес білгелі намазын қаза қылып көрмеген жандар. Олардың ізін жалғап екі әпкем де дін жолын ұстанып, ұстаздық қызмет жүр. Жастығына қарамастан екі інімнің де Құранды жаттап алуға құштарлығы ерекше. Алтыншы сыныпта оқитын үлкен інім Құранның жартысын жаттап үлгерді. Ал кішісі бір параны жаттап алған, –дейді Дулат Болатбекұлы.

Қазақстан атын Құран оқу сайысында көпшілікке танытқан талапты жас болашақ Араб мемлекетінде немесе Катарда, Африка елдерінің бірінде дін саласында жоғары білім алу да жоспарлауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір