• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:02:20
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық қазақ драма театрына Асқар Тоқпановтың, ал «Шахристан»тарихи- мәдени орталығында бой көтеретін «Руханият» орталығына Шерхан Мұртазаның аты берілмек. Сондай-ақ Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония алдына ән мен жыр дүлдүлінің еңселі ескерткіші орналасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ақжолтай хабарды облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен болған кездесуден соң зиялы қауым өкілдері қуанышпен жеткізді. Өңір басшысы зиялы қауым өкілдерімен рәуішті басқосудың бірінде облыстың мәдени-рухани өмірінде із қалдырған азаматтардың есімін ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында жоғары аталған жұмыстарды жүргізу туралы туралы жауапты ведомстволардың рұқсаты алынғанын атап өткен.

–Жамбыл облыстық қазақ драма театрына осы өнер ұжымының аяққа тұрып,оның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан атпал азамат Асқар Тоқпановтың атын беруді мәдениет саласы ардагерлерінің көптен көкейінде жүрген еді. Дәл осы ұсынысымызды бірнеше рет жоғары жаққа өтініш хатпен де жеткіздік. Расында Асқар Тоқпановтың аты облыстық қазақ драма театрына беруге сұранып-ақ тұр. Ол кісі осы өнер ұжымындағы тұңғыш кәсіби режиссердің бірі болып қызмет атқарды. Оның режиссерлік етуімен театр ұжымы «Абай» қойылымын сахналаған. Сонда маған Әйгерімнің рөлін ойнау бақыты бұйырып еді, – дейді мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Нұрсифат Салықова.

Шынында қазақ театр өнерінде өшпес іс қалдырған Асқар Тоқпанов Мәскеуде білім алған тұңғыш кәсіби театр режиссерлерінің бірі. Ол орыс және шетел драматургтерінің пьесаларын қазақ тіліне аударған. Мәселен, «Аспазшы», «Шындық қатты, бақ тәтті», «Иванов», «Шағала», «Нора», «Серуендегі сергелдең» сынды туындыларды асқан шеберлікпен аударған. Өз шығармашылығында пьеса жанрына айрықша мән беріп «Тазша бала», «Тасыған төгілер» атты пьесаларды өмірге әкелген. Ал театр сахнасында Ленин, Абай, Ыбырай Алтынсарин бейнелерін сомдаған талантты әртіс ретінде театрсүйер қауымның есінде қалды.

«Руханият» орталығына аты берілетін Шерхан Мұртазаны көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық. Қазақ журналистикасының, әдебиеті қайраткері Жамбыл облысында туған. Шығармашылығында облыстың сан түрлі саласын қозғап жазған. Сол секілді «Қызыл жебе» ғұмырнамалық романы арқылы Алаш ардақтысы Тұрар Рысқұловтың образын кітапсүйер қауымға танытты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір