• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:47:22
Алматы
+35°

Тараздағы алғашқы медициналық мекеме 1873 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.Дәл осы жылы уезд орталығы Әулиеата қаласында алғашқы қабылдау бөлімі дертіне дауа іздегендерге қызмет көрсете бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдегі ең алғашқы кәсіби медициналық қызмет көрсеткен мекемеде бір мезгілде небәрі 6 ауруға ғана ем-дом жасаған.Мұнда бір дәрігер, екі фельдшер және жүкті әйелдерге босануға жәрдемдесетін бір «кіндік шеше» болған екен. Ол тұста ел арасындағы аурулар мен жарақат алғандарды емдеу ісін тәуіптер мен балгерлер, сынықшылар, бақсылар сынды халықтық медицина өкілдері жүргізген. Өкініштісі сол халықтық медицина дертке шалдыққандардың кейбірінің сауығып кетуіне себепші болса, енді кейбірі қарапайым ғана медициналық көмектің болмауынан дүние салды. Нәтижесінде аурухана қызметкерлері ел арасында науқастарды емдеумен бірге халықты сауаттандыру, күнделікті санитарлық-гигиенаның талаптарын сақтауды насихаттаумен де айналысты.Соған қарамастан халық санасында дәстүрлі халықтық медицинаға деген сенім жоғары болды. Сондықтан басы ауырып, балтыры сыздағандар емнің дауасын іздеуде бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінуді жалғастыра берді. Нәтижесінде ана мен бала өлімі өрши түсті. Қарапайым тұрғындар соқырішек, жедел холецистит, іш түйілуі сынды жеңіл-желпі аурулардың салдарынан өмірімен қош айтысып жатты. Тұрмыстағы қарапайым гигиеналық талаптардың сақталмауынан безгек,іш сүзегі, оба, тырысқақ сынды аурулар адамдардық жаппай көз жұмуына негіз болды.

Ал Кеңес өкіметі орнаған тұста Жамбыл өңіріндегі медициналық қызметтің сапасы сәлде болса артты. Өйткені халықтың денсаулығын сақтау ісіне бұл кезде 7 дәрігер, 34 фельдшер, 9 акушер, тіс дәрігер, фармацевт сынды мамандар кәсіби медициналық қызмет көрсетті. Сондай-ақ бірқатар ірі елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пунктер ұйымдастырылған. Халық арасанда денсаулықты күту ережелері кеңінен насихаттала отырып, ауруларға қарсы екпе жұмыстары да жүргізілді. Тіпті қарапайым тазалық ережелерінің сақталмауынан аурулардың өрши түскенін ескерген мамандар моншаларды көптеп салу, тұрғынжайларға су жүйелерін көптеп тартуды талап етіп қойған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір