• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:29:04
+35°

Іргетасы облыс құрылған сәтте қаланған өңірдегі қан қызметіне 80 жыл.1939 жылдың 1 қарашасында қан құю бойынша тірек пунктінің облыстық қан құю бекетінен басталған бұл тарихтың өңірдегі денсаулық саласындағы алар орны ерекше. Алғашқы жылдың өзінде облыстық қан құю бекетінде 81 мәрте қан құю іс-шарасы жүргізіліпті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық қан құю бекетін сұрапыл соғыс жылдары да өз міндетін мінсіз атқарды. Соғыстың алғашқы жылдары бекетте 168 литр қан дайындалса, 1946 жылы мұндағы қанның қоры 178 литрді құрады.

1971 жылы станцияда КС-30 құрылғысының көмегімен құрғақ плазмаларды әзірлеу жүргізілді. Осы жылдары мұнда қан құю мәселесімен айналысатын орта медициналық буын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы жұмысы қолға алынды. Сәйкесінше қанды дайындау, қайта өңдеудің қарқыны артты. Ал 25 жыл бұрын облыстық қан құю бекеті облыстық қан орталығы атауына ие болды. Бұдан 8 жыл бұрын орталықтың заманауи үлгідегі озық медициналық жабдықталған жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Бүгінде облыстық қан орталығының қуаттылығы жылына 15 мың литр қан мен оның құрамдас бөліктер әзірлеуге жетеді. Өңірдегі қан қызметінің 80 жылдық тарихы мемлекеттік өңірлерде дәл осы саланың дамуына айрықша көңіл бөліп отырғанын айғақтады.

Соңғы 3 жылда орталық қызметіне 50 мың донор жүгінді. Осы аралықта орталық қызметінің нәтижесінде 6398 ауру сауығып қатарға қосылды. Теріс-резус фактор көрсеткен 7433 жүкті әйел заманауи диагностикамен қамтылды, дейді облыстық қан орталығының директоры Гулам Омаров.

Орталық соңғы 3 жыл ішінде өңірдегі 28 медициналық ұйымның сұранысына сай трансфузиологиялық көмек үшін 52 436 қанның мөлшері мен құрамдас бөліктерін даярлады. Сондай-ақ орталықта қан тапсырушылар мен оған мұқтаждардың ортақ базасын қалыптастыруда «Инфо-Донор» ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі кеңінен қолданылып жатыр. Бұл жүйе донорлық қанды әзірлеудің әр сатысын мұқият бақылауға мүмкіндік беруімен ерекшеленеді. Мұнан өзге донорлық қан топтарының сәйкес келуін зерделеу мақсаттарында

«Info-Grantum»,«Info-Blood» бағдарламаларының мүмкіндігі де кәдеге жарауда. Жалпы орталық қызметін ұйымдастыру, оның денсаулық сақтау саласындағы ең жауапты миссиясын мүлтіксіз орындауы жолында бірқатар білікті дәрігерлер мен медбикелер зор еңбек сіңіргенін атап өткен жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір