• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 00:12:37
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

17 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Степен Хмелевкий өңірдегі денсаулық сақтау қызметін алғашқы ұйымдастырушы

Жамбыл өңірінде денсаулық сақтау саласы өлкеге Кеңес үкіметінің орнауымен кәсібилене түскен. Өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызметті ұйымдастыру ісінің басында революционер-фельдшерлер тұрды. Соның бірі әскери фельдшер Степен Хмелевкий болатын, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазан төңкерісінен соң Әулиеата уездінде Кеңес үкіметі орнады. Өңірге түрлі сала мамандарымен бірге әскери фельдшерлер де келіп, мұндағы денсаулық сақтау қызметін ұйымдастыруға атсалысқан. Дәл осы қатардан табылған әскери фельдшер Степен Хмелевский 1884 жылы Ресейдің Одесса қаласында дүние есігін ашқан. 18 жасында медициналық колледжді тәмамдаған Хмелевский ерікті түрде Түркістан өлкесіндегі обаға қарсы медициналық бригада сапын толықтырған. Арада 10 жыл өткен соң елдегі қоғамдық саяси өмірдің ағысымен Хмелевский Әулиеата шаһарындағы әскери гарнизонда медициналық қызметті ұйымдастыруға тартылады. Мұнда ол біліктілігімен жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен басшылардың көзіне түседі. Жас дәрігер патшалық орыс империясының идеяларына қарсы бас көтеріп, Қазақ революциясына қолдау білдіреді. Сөйте жүріп жергілікті жердегі саяси қызметке де араласады. Ол жас революционер Тұрар Рысқұловтан қолдау тауып Әулиеата уездік атқару комитетінің төрағасы қызметіне дейін көтеріледі . Кейіннен уездік денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етіп, өңірдегі денсаулық сақтау ісінің жұмысын жүйелендіруге аянбай еңбек етеді. Степан Хмелевский денсаулық сақтау ісіне басшылық жасап тұрған тұста салада бірқатар ілгерілеушіліктер болғанымен сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруда ауруханалар мен дәріхана ғимараттарының тапшылығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі өз әсерін тигізді. Осы тұста Әулиеата алғашқы әйелдер амбулаториясы ашылды. Бұл мекеме ана мен бала өлімін азайту, ана мен бала күтімін сақтау ісіне айрықша үлес қосты. Ауылдық жерлерде денсаулықты күтіп-баптау ісіне насихаттау «Қызыл киіз үйлердің» еншісіне тиді.

Аумалы-төкпелі заманда өңірдегі ең күрделі әрі қиын салаға жетекшілік жасаған Степан Хмелевский 1950 Тараз қаласында дүние салды. Тараздықтар облыс медицинасының дамуына зор еңбек сіңірген маманның құрметіне көше атауын берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір