• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:53:36
Алматы
+35°

Елордада Абу-Даби плаза құрылысшылары жұмыстан негізсіз шығып қалғандарын айтып, "Nur Otan-ға" шағымданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz.-ке сілтеме жасап.

40-тан астам жұмысшы оның ішінде сантехник, электрик және монтаждаушы болып 9 айға жуық жұмыс жасаған. Жұмыстан шығарылатындарын бір күн бұрын естіген қызметкерлер мердігер фирмадан өтемақы талап етуде.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жиналғандармен қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ерлан Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Дамир Қатаев кездесті.

"Біз заң бұзылып отыр ма, жоқ па, соны зерттеуіміз керек. Ол үшін өзіміздің әкімдік болсын, еңбек инспекциясы болсын, прокуратура болсын, солардың көмегімен осы мәселені зерттеп шешуге тырысамыз", - дейді "Nur Otan" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас кеңес берушісі Жұмажан Жүкенов.

 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір