• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:36:46
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы жүктеген басым бағыттың бірі – халықпен кері байланыс орнатып, олардың мұң-мұқтажын өтеу. Бұл бағытта бүгінде Жамбыл облысында бағдарын тапқан жұмыстар баршылық, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеу, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімінің 13 наурыздағы №70-ө өкімімен Жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдері бекітілген болатын.

Алгоритмге сәйкес, қала, аудан әкімдері 5 күн бұрын басылымдарда, әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда тұрғындармен өткізетін кездесу орны, мерзімі туралы хабарлау керек.

Жергілікті әкімдер тарапынан алгоритмді жүзеге асыру барысында көптеген кемшіліктерге жол беріліп, әлі де болса тұрақты жүйе қалыптаспай отырғаны анықталды.

Мысалы бірқатар аудандарда аудан әкімінің округтарды аралау кестесі аудан әкімімен бекітілмеген, елді-мекендерге шығу кестесі облыс әкімінің бас инспекторына ресми жолданбаған. Өткізілген кездесулер жиындарының хаттамаларында округ әкімінің, жергілікті мекеме басшылары (пошта, денсаулық сақтау мекемесі, учаскелік полиция т.с.с.) есептерінің тыңдалғаны, олардың жұмысына нақты баға беру, көтерілген мәселелер бойынша нақты қабылданған шешімдер, оған жауапты лауазым иесін бекіту секілді мәселелер енбеген. Рәсімделген хаттамалардың орындалуына талдау жасалмаған.

Инспекторлар тарапынан зерделеу барысында әкімдердің елді-мекендерді аралау кезінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаулар мәселесі де жүйеленбегені белгілі болды (қабылдау бойынша арнайы кәртішке толтыру, оны түпкілікті шешімін тапқанша бақылауға алу, тиісті жауаптыларға бұрыштама жазу секілді құжаттардың болмауынан осындай түйін жасауға болады).

Аудандық деңгейде өткізілетін аппараттық жиындарда облыс әкімі мен орынбасарларының тапсырмаларымен қатар, бас инспектордың ұсыныстары қаралуы тиіс болатын. Алайда, бұл мәселе де толық жүйеге түспей отыр.

Десе де, бұл жұмыстың жоқтығын емес, керісінше көштің қозғалғанын көрсетеді. Сондықтан бағыт пен бағдар барда, жоспар жүз пайыз межесіне жететіндігіне сенімдіміз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір