• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 23:49:30
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

17 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

"Басты байлық – халық денсаулығы"

Ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауында Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Шынында «Басты байлық – халық денсаулығы» екені даусыз. Бұл бағытта бұрнағы жылдары да әртүрлі мемлекеттік бағдармалар жанданып, талай тірлік тіктелген болатын. Енді міне Жолдаудан кейін де жүктелген міндет өзінің діттеген жеріне жетуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл облысындағы Медициналық колледж базасында "симуляциялық орталық" және Облыстық перинаталдық орталығында «оқыту - клиникалық орталығы» ашылып, 254 қызметкер оқытылды.

Жалпы, денсаулық сақтау саласында адам өлімінің алдын алу шараларын жүргізу үшін қажетті мамандарды даярлау, кәсіби мамандарды тарту, жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қажеттіліктегі шығындар көлемін анықтап, тиімді қаржыландыруды жоспарлау қажет.

Міндетті әлеуметтік көмекті сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде қаржы қоры 51 млрд. 700 мың теңгені құрайды. Қорға 2020 жылы 54 млрд.теңге; 2021 жылы 54 млрд. 600 мың теңге бөлу көзделіп отыр.

Жолдауда мәдениет саласында жұмыс істейін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын күшейту тапсырылды. Бүгінде мәдениет, архив салаларында 1310 қызметкер жұмыс істесе, олардың орташа айлық жалақысы 88 мың теңгені құрайды.

Мәдениет саласындағы 2197 штаттық бірліктің еңбек ақысын 15-20% дейін ұлғайту үшін қосымша 570 млн. 500 мың теңге қажет /А-блогы басшылық персоналға 15%, В блогын - 20%, С-әкімшілік және Д-қосалқы персоналдағы блогын – 20 %/.

1 сәуірден бастап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 29650 отбасы (150453 адам) анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп (2018ж - 14852 отбасы 74517 адам, 2,5 мрд.теңге). Оған барлығы 21,2 млрд. теңге қаралды (РБ 20,0 млрд. теңге, ЖБ - 1,2 млрд. теңге).

Бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек алуға қайырылған 39607 отбасының 34991-і (176129 адам) қамтылып, оларға қаралған қаржының 11,9 млрд. теңгесі төленді.

Президент Жолдауда атап өткендей, жұмыс істегісі келмейтін адамдар немесе әлеуметтік көмек алу үшін өздерінің табысын жасыратындар көбейді.

Соның салдарынан әлеуметтік көмек тағайындалған 7060 отбасына (38629 адам) қайта есептеу жүргізіліп, соңғы екі айда бюджетке заңсыз төленген 7,1 млн.тенге қайтарылды.

Алдағы уақытта өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды анықтау, әлеуметтік көмектің кешенді түрде көрсетілуіне баса назар аударылатын болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір