• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:28:19
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Ата заңымызға сәйкес азаматтардың өз ойын еркін айтуға құқығы бар» екендігін баса айтты. Сондықтан, Тараз қаласы мен аудан әкімдерімен бірлесе отырып, қолданыстағы заңнама аясында бейбіт акциялар және наразылық шараларын ұйымдастыру тәртібі мен өткізу орындарын қайта қаралуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Ел бірлігі – оның әралуандығында!» принципі Жамбыл облысында тұратын 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері үшін басты ұстанымға айналуы тиіс. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыру – маңызды міндет.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Тараз қаласы мен аудан әкімдері ұлтаралық татулықты нығайтуда жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

Жақын арада қабылданатын «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» үкіметтік емес ұйымдардың жауапкершіліктері артып, жаңа міндеттер жүктелмек.

Сонымен бірге, алдағы жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту бойынша облыс деңгейінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Ел өміріндегі маңызды мереке - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты өткізілетін шаралар тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктері мен құндылықтарын жастарымыздың терең біліп, сезінулеріне бағытталмақ.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету де өз алдына үлкен міндет.

Мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтер жемқорлыққа итермелеуші фактор екендігі белгілі. Үстіміздегі жылы «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында тұрғындар тарапынан 140 шағым түсіп, оның 52 мәселесі шешілген, қалған 88 мәселе бақылауға алынды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді барынша ашық болуын қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 6 сервистік әкімдіктер мен фронт-офистер ашылып, 7 мекеменің басшысы «оупен спейс» форматында жұмыс істеуге кіріссе, 133 мемлекеттік орган басшысы кабинеттерін бірінші қабатқа көшірді.

Сондықтан, бұл жұмыстар әрі қарай да пәрменді жүргізіле бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір