• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 10:36:29
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

17 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Басты ұстаным – халықпен кері байланыс орнату  

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында замануи талаптарға жауап беретін дамудың басты бағыттарын белгілеп бергені белгілі. Осы орайда еліміздің даму жолын әлем мойындап, «Назарбаев» моделінің негізінде өркендеудің жаңа кезеңі айқындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өзегі ретінде бес міндеттеме белгіленгені де белгілі.Бірінші міндет – заман талабына сай тиімді мемлекет.Екінші міндет – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Үшінші міндет – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика.Төртінші міндет – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі.

Бесінші міндет – қуатты өңірлер – қуатты ел.

Соның ішінде заман талаьына сай тиімді мемлекет құрудың өзектілігі орасан. Біріншіден, экономикалық өрлеу және әлеуметтік саланың барлық бағыттары бойыша саяси реформалар кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру міндеті тұр.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу аса маңызды.

Елімізде белгілі қоғам өкілдерін қамтыған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Алдағы уақытта, өңірдегі Қоғамдық кеңестер де өзекті проблемалардың тиімді шешімдерін табу бағытында жұмыстар жүргізетін болады.

Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы бүгінде халықтың шынайы сенімінен, үдесінен шыққан халық партиясына айналды.

Өңір тұрғындарының мәселелерін шешуде облыстағы басқа да бес партияның филиалдары да белсенділік танытулары керек.

Екіншіден халықпен тиімді кері байланыс орнату.

Президент «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» - деп ерекше атап өтті.

Бұның барлығы ел ертеңі үшін жасалған игі қадамдар екені анық. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдаудағы әрбір сөзі, Жамбылоблысында жүйелі жалғасын табуда. Бұған бүгінгі атқарылып жатқан алуан тірлік дәлел бола алады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір