• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:54
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Жолдауда халықаралық нарықтарда бизнеске қолдау көрсетуге назар аударды. Алдағы уақытта Үкімет деңгейінде өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шаралары әзірленетін болады. Жамбыл облысында ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 145,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға артты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оның ішінде, шетелдік инвестиция үлесі 14,5 млрд. теңгеге немесе 9,3%-ға өскен. Жыл соңына дейін 81 млрд. теңгеге қосымша 9 жобаны (1 жоба, шетелдік инвесторлардың қатысуымен) іске қосу жоспарлануда.

Жалпы, 2019-2026 жылдары іске асырылатын құны 2,5 трлн. теңге құрайтын 84 инвестициялық жобаның базасы қалыптастырылған. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 1,4 трлн. теңгеге 17 жоба бар.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде 5 негізгі бағыт бойынша (білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік, қауіпсіздік) жұмыстар жүргізілуде.

"Смарт сити" 2019-2022 жылдарға арналған Жол картасы бойынша 11 бағытта 65 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз. Жамбыл облысы егін өсіруге де, мал баптауға да географиялық тұрғыдан өте қолайлы аймақ. 2019 жылдың 6 айында қайта өнделген ауышаруашылық өнімдерінің экспорты 5 млн 790 мың 400 АҚШ долларын құрады.

Облыста ет өнімін дамыту картасы әзірленді. 2018-2027 жылдар аралығында ет бағытына бағытталған 3 мың фермер шаруашылығы ұйымдастырылады, шет елден жалпы 36 мың бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде өндірістік бордақылау алаңдарында өндірілетін сиыр еті 2,7 мың тоннадан 16,8 мың тоннаға, экспорт көлемі 2,5 мың тоннаға жеткізілмек.

Облыстың суармалы жерлерін ұлғайту бойынша жайылымға ауысып кеткен 24 мың 700 гектар жердің 17 мың 100 гектары қайтадан суармалы жерге ауыстырылуда. Одан басқа, облыста құрылған механикалық жасақ (отряд) арқылы 18 мың гектар суармалы алқап қалпына келтіріледі.

Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған бірегей бастама.

Аталған жоба аясында 3 ауданның орталықтарында (Байзақ – а.Сарыкемер, Жамбыл – а.Аса, Шу – а.Төлеби) 2 млрд. 77 млн теңгеге 108 жоба іске асырылуда. Оның 104 жобасы (2 млрд. 300 млн теңгеге) - әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеуге, 4 жоба (4 млн.теңгеге) әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуге арналған.

2020 жылға облысқа 2 млрд. теңге көлемінде қаржы лимиті белгіленіп, оған Қордай, Меркі, Саудакент ауылдарында 53 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір