• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:27:22
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құрудың маңыздығына айрықша тоқталғаны белгілі. Осы орайда Жамбыл облысында 2020-2021 жылдар аралған 5 отбасылық үлгідегі балалар үйін және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы жанынан медиация қызметін ашу жоспарлануда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Жолдауда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау міндетін қойды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 45 235 мүгедек бар болса, оның ішінде 18 жасқа дейінгісі 6302 немесе 14 %-ды құрайды.

Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 145 бала және одан бөлек 102 бала стационарлық және жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Халықтың денсаулығы қашанда бірінші орында тұратыны белгілі. Сондықтан да, дені сау ұлт тәрбиелеу, оларды спортқа баулуға басымдық берілуде.

Бүгінгі күні облыс бойынша 2364 спорт нысандарының 98%-ы тұрғындарының жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді (оның 510 Тараз қаласында, 1795-і аудандарда). Облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 340 мың адамға жуықтады немесе 29,6%-ға жетті.

Жыл соңына дейін спорт нысандарына қолжетімділікті 100 %-ке, облыс тұрғындарының қамтылу көрсеткішін 31% межелемек.

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу, қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарына тарту - оларды тәрбиелеудің құралы.

Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімінің үстіміздегі жылы 14 наурызындағы №52 қаулысымен «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы қолға алынды. 2 мыңға жуық еріктілер 250 мыңға жуық отбасыларын аралап, әлеуметтік сауалнама толтырды, мұқтаждықтары сараланды. Жоба аясында Тараз қаласында 3 (Төле би көшесі - орталық мешіт, Ленин көшесі - Тараз қонақ үйі, Бәйдібек би көшесі – Көктем массиві), аудандарда 9 қайырымдылық дүкендері ашылып, 5 сауда орындарында тұрмыстық қажеттіліктегі заттарды қабылдауға арналған жәшіктер орнатылды.

Волонтер жылын өткізу, олардың санын 2 есеге арттыру бойынша облыстық жоспар әзірленуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір