• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:13:02
Алматы
+35°
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген президент жарлығында.

Қошанов 2017 жылдың наурыз айында сол кезедегі ел президенті Назарбаевтың жарлығымен Қарағанды облысы әкімінің болып тағайындалған.

Қошановқа дейін президент әкімшілігінің жетекшісі болған Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір