• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 07:11:12
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

19 Қыркүйек, 2019 Денсаулық

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы депрессияның №1 ауру болатын айтты

2020 жылға қарай депрессия мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметінше 2020 жылы әлемде №1 ауру депрессия болады. Depreccii.net сайтының мәліметінше, әлем бойынша 350 миллионнан астам адам осы ауру түріне шалдыққан.

Депрессия - көптеген адамда кездесетін психикалық бұзылудың бір түрі. Бұл көңіл-күйдің төмендеуінен, кез-келген іске деген қызығушылығын жоғалтып, өз-өзіне қанағаттанбау мен төмен баға беру сынды дүниеден басталады. Оған қоса ұйқының бұзылуы мен тәбеттің болмауымен көрініс табады.

Түрлі ойға салынған, әр нәрседен секемшіл және сабырсыз жандар сырқатқа жылдам шалдығады. Сондай-ақ депрессияға ұшырайтындардың көбі әйел адамдар және үлкен қала тұрғындары.

Басталу белгілері:

ас қорытудың бұзылуы;

бас ауруы;

әлсіздік;

ұйқысыздық;

есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

бас айналу;

 

Емделу жолдары:

Күн тәртібін ұстану (дұрыс ұйқы, бес мезгіл тамақтану)

Шығармашылық жұмыстарымен айналысу (сурет салу, би, түрлі аспаптарда ойнау)

Спортпен айналысу;

 

Holanews.kz мәліметінше: «Он адамның біреуі депрессияның ауыр түріне шалдықса, әр бесінші адам психикалық бұзылудың бұл түрімен өмір бойы дерт тартады. 2020 жылға қарай депрессия мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі болады. Ал 2030 жылы ол - ауру түрі шығатын көзге айналады.»

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір