• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:00:26
Алматы
+35°

«Тірліктің көзін тапқан байлықтың өзін табады» дейді дана қазақ. Расында да ерінбей еңбек еткен адамның еңсесі биік. Сондықтан да қол қусырып қарап отырмай, қарекет қылу қажет. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау-көмек те көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі болатындығын тарқата айтып, Үкімет пен әкімдерге нақты міндеттер жүктеді.

Қазіргі таңда Жолдау жүктеген міндеттер Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда. Әсіресе, бизнес құрылымдарын қаржылай қолдаудың нақты тетіктері айқындалып, жемісін беруде. Бұл тұрғыда облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Атамекен Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпкерлерге тигізіп жатқан көмегі көп. Осы ұйымның арқасында Тараз төңірегінде балыққа құмар қармақшыларға арналған демалыс аумағы мен үндік шаруашылығы жұмысын жолға қойып алғанын мақтанышпен айтуға болады.

Мысалы «Арнұр» жеке кәсіпкерлігінің қожайыны Руслан Саурамбаев кәсібінің баянды болашағы үшін батыл қадамға барып, «Атамекен Тараз» ұйымынан 4 пайыздық ставкамен 5 жылға 20 миллион теңге несие рәсімдеген. Сол арқылы иелегіндегі шағын көлде тұқы мен алабалық өсіруді көздепті.

Мұндай мүмкіндіктің көмегімен кәсіпкер Р.Саурамбаев тараздықтар мен іргелес аудандардың балық аулаушыларына жайлы жағдай жасап, балық шаруашылығының дамуына үлес қосқысы келеді. Ол алған қаржыға алабалық ұстауға арналған үлкен бассейн салыпты және демалушылар үшін футбол алаңшасын да төсеп қойған. Әзірге демалыс аумағы уақытша жабық тұр екен. Өйткені онда қонақ үй құрылысы мен аумақты көгалдандыру жұмыстары қолға алынған.

Балық қоры молайтылған көлге жаз бойы балықшылар бір толастамаған. Кәсіпкер шабақтарды көрші қырғыз елі мен Түркістан облысындағы Шардара су айдынынан жеткізеді. Осында есейтіп, көлге жібереді. Ол енді шаруашылық қуатын арттыруды, яғни тұқы балықтарын жылына 120 тонна, алабалықты 70 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде Руслан Саурамбаевқа жан-жақтан, оның ішінде Алматы облысынан тапсырыстар түсіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір