• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:10:15
Алматы
+35°

Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй саясатында инфрақұрылымды дамытудың маңыздылыңы ерек. Және қай салада болмасын бүгінде желілік желілер жүргізілмей құрылыс бастау қиынның-қиыны. Бұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған Жолдауында баса айтты. Осы орайда Жамбыл облысында 377 елді мекеннің 48 пайызы немесе 181-і газдандырылса, 2027 жылға дейін 196 елді мекенді газдандыру жоспарлануда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Елді мекендердің 53,3% немесе 199 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен, 174 ауыл орталықтандырылмаған сумен қамтылған. 2023 жылы облыс тұрғындарын 100% таза ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылы 46 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 9,8 млрд.теңге бөлінген (РБ- 7,2 млрд.теңге, ОБ- 2,6 млрд.теңге).

Бөлінген қаражат бойынша 16 шақырым жаңа жол салу, 6,2 шақырым қайта жаңғырту, 30 шақырым күрделі жөндеумен қатар 340,5 шақырым жолдар орта жөндеуден өтуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 85%-ға жеткізу межеленген.

2025 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 97,5%-ға жеткізілмек.

Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің жаңаша дамуына жол ашып, әрбір азаматтың өмір сапасын арттыратыны анық. Жолдаудың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз. Біздің ортақ жетістігіміз - әр азаматтың күш-жігеріне, жоғары азаматтық борышы мен жауапкершілігіне байланысты. Мақсатымыз айқын, межеміз белгілі.

Әсіресе инфрақұрылым тарту жұмыстарына белсене күш салғанымыз абзац. Жоғарыда айтқанымыздай 2023 жылға таза ауызсумен қамтылады деп көзделуде. Сондай-ақ 2025 жылдары республикалық және облыстық мәндегі жолдар 97,5 пайызға жаңартылмақ. Одан бөлек 2027 жылы 196 елді мекне көгілдір отынға қосылады. Бұл дегеніңіз бірер жылдың бедерінде газ құбыры Мойынқұм сынды шалғай ауылдарға да жетеді деген сөз. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай қамқорлыққа дән ризалық білдірген жөн. Себебі егеменді еліміздің, Президентіміз Қасым-Жомарт

Тоқаевтың ең басты ұстанымы тұрғындардың сапалы ғұмыр кешуі мен тұрмысының түзелуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір