• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:40:49
Алматы
+35°

Қазақстанда NASA Орталық Азия аймақтық ақпараттық орталығын ашу жоспарлануда деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің  мәліметін негізге ала отырып.

Бұл туралы бүгін Нұр-сұлтан қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия мен Кавказдағы жер өзгерістерін қадағалау және су-энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты даму» атты бірінші халықаралық конференцияда белгілі болды.

«Қазақстан құрған ғарыш тобы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін мамандандырылған геоқызметтерде экономика салаларында ғарыш мониторингін дербес жүргізуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде ғарыш мониторингі ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология және табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді шешу үшін ЖҚЗ деректеріне дербес және жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин өз сөзінде.

Конференцияға  ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, NASA штаб-пәтерінің, Мэриленд штаты университетінің, Мичиган штаты университетінің, Эллады зерттеу және технология орталығының (Греция) және «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының» өкілдері қатысуда.

NASA - Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма. Негізгі негізгі мақсаты адамның ғарышта көп мерзім болу мүмкіндігін тудыру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір