• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:44:56
Алматы
+35°

Алматы қаласының ТЖД мәліметі бойынша, шаһарда 7 қауіпті көлде селдің алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Тек №1 көлден ғана 42 мың текше метр су сорып алынды, мұздақтардың ағын сулары болмағанда оны 20 рет тазарту мүмкін еді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2019 жылдың 14 тамызында №1 көлде бұрынғы ішкі моренді канал ағысы бойынша судың тасу қаупі байқалды. Дер кезінде жүргізілген шаралар барысында ішкі моренді каналдардың қысымы азайды, нәтижесінде Қарғалы өзеніне ірі мөлшерде су аққан жоқ, сондықтан ол «сел тасқыны» ретінде сипатталды, өйткені оның құрамында селге тән заттар (ірі тастар, ағаштар және басқалары) болған жоқ.

Кіші, Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндеріндегі қалған 6 көлден 4,6 млн. текше метрден астам су сорып алынды әрі бұлардағы су деңгейі 4 метрге дейін төмендеді. Қазіргі кезде барлық моренді көлдер қысқы режимге көшті, маусымдық бақылау постылары алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір