• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:52:20
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты Халықаралық QS World Wide білім форумы өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Халықаралық білім форумына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, халықаралық ұйымдардың, БҰҰ, ЮНЕСКО-ның өкілдері, әлемге танымал ғалымдар, академиялық орта көшбасшылары, әлемнің барлық континенттеріндегі 40 елдің жоғары білім саласының сарапшылары қатысып, жоғары оқу орындарының танымалдығын арттыру, жаһандық адами капиталды қалыптастыруда олардың рөлі мәселелерін талқылайтын болады.

Форум жұмысын ашқан Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің атынан оның құттықтау сөзін оқып берді.

Хатта «БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасын тұрақты дамыту жөніндегі Жаһандық Хаб болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғасында бүгінгі саммиттің өтіп жатқандығы терең символикалық маңызға ие. Бүгінгі күні еліміз білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін шешу үстінде. Университеттерге академиялық дербестік берілген. Бұл шаралардың барлығы университеттердің ғылым-білім, технологиялық, және гуманитарлық кеңістіктердің эволюциялық процесстеріне ықпал етуін күшейтуге бағытталған» делінген.

Университеттердің жаһандық саммиті аясында жоғары деңгейдегі бірқатар маңызды шаралар өтеді, олар: QS World Wide бүкіләлемдік конференция және көрме; Әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орындарын біріктіретін Жібек жолы (SUN) университеттері Альянсы Бас Ассамблеясының, түрлі континенттердің жетекші оқу орындары енген әлеуметтік-жауапкершілік мәнге (USRN) университеттердің Work Shop дүниежүзілік жүйесінің кеңестері.

«Халықаралық QS WorldWide білім форумының алғаш рет Орта Азияда, оның ішінде біздің күн сәулелі қаламызда өтуінің символикалық мәні бар. Өйткені дәл осы қалада еліміздің жоғары мектебі құрылды және ойдағыдай даму үстінде. Еліміздің әрбір үшінші студенті Алматыда білім алуда. Қазақстандық жоғары оқу орындары осыдан 15 жыл бұрын QS World University Rankings-те өздерін көрсете білді. Ол кезде Қазақстан атынан бір ғана университет қатысқан еді. Содан кейінгі жылдары біз уақытты текке өткізбедік, қысқа кезең ішінде біздің университеттер алға суырылып шықты. 2019 жылдың өзінде біздің 10 жоғарғы оқу орындарымыз рейтингке енді, олардың 6-ы Алматыда жұмыс жасайды», – деді конференцияның ресми бөлімінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Ол өзінің сөзінде форумның Қазақстанның жоғары оқу орындарының әлемнің жетекші университеттерімен тікелей байланыс орнатуын талқылауға, Қазақстанның жоғары оқу орындарының танымалдығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Айта кетерлігі, дәл осы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қабырғасында «Тұрақты дамуды жүзеге асырудағы жастардың рөлі-2030» атты жаһандық конгресс өтуде, оны ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, ҚазҰУ және G-Global халықаралық Хатшылығы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір