• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 19:32:42
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

19 Қыркүйек, 2019

Алматыда Жүкел Хамайдың "Шөптен туып, шөпке сіңемін..." атты шығармашылық кеші өтеді

27 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында ақын, аудармашы Жүкел Хамайдың "Шөптен туып, шөпке сіңемін..." атты шығармашылық кеші өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жүкел Хамай Абай Құнанбайұлының толық шығармаларын Моңғол тіліне көркем аударғаны үшін Түрік тілдес халықтар ІІ поэзия фестивалінің лауреаты атанған. 

«Шуақты сезім» (1986), «Жылу, сәуле» (1987), «Топырақ-тозаң» (1989), «Ақтық сөз» (1992) ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген.

Құран сүрелерін, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін, Сейітхан Әбілқасымұлының «Қара боран» романын, М.Егеуханның «Ару арманы» жинағын, Махамбет Өтемісүлының жырларын, Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс ханның шарапаты» шығармасын, Жамбыл Жабаев, Ақыт Үлімжіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мүқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Олжас Сүлейменовтің шығармаларын Моңғол тіліне аударған. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір