• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:52:18
Алматы
+12°

Қазірдің қызмет көрсетудің неше түрі бар. Заманауи түрі көп. Бәрі де
халық үшін әрине, Бірақ бұрындары сағаттап кезекте тұратын халық
бүгінде үйінде отырып та жауабын интернет арқылы алады. Оның үстіне
мемлекет қазіргі уақытта барлық жағдайды жасап отыр. Бір ғана мысал,
осыдан төрт жыл бұрын Азаматтар үшін үкіміти» мемлекеттік
корпорациясын құру туралы Елбасы Назарбаевтың жарлығы шықты. Бұл
мәселе Президенттің 100 нақты қадам Ұлт жоспарында да атап айтылды.
Нақты дерекке жүгінер болсақ, нақ осы Ұлт жоспарының 100 қадамында
«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру» құру мәселесі
көтерілді. Бұл әрине Канада мен Австралияның тәжірибесіне негізделіп
отырып жасалды. Ал мұның пайдасы не? Мұнда барлық орталықтардың
қызметі біріктіріледі. Халық керекті қағаздардың барлығын бір жерден
алады.
Бұрын тұрғындар әрине ұзын сонар кезекте тұратын. Бүгінде олай емес.
Ешқандай қиындығы жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып
талон аласыз, таблодан көрінетін кезекті цифрыңызды күтіп отырасыз.
Кезекті цифр жанған кезде қызмет көрсету басталады. Мұның еш
қиындығы жоқ. Орталық қызметкерлері барлығын түсіндіріп береді. О
баста «бір терезе»қағидаты деп аталған орталықтың жұмысы қазірде тіпті
өркениетті бола түскен.
Жалпы қызметтің түрін халықаралық қызмет көрсету орталығына бармай-
ақ алуға болады. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦП) болса, болды.
ЭЦП кілті арқылы барлық мәселені шешуге болады. Оны Қазақстанның әр
азаматының алуға құқы бар. Үйде отырып, онлайн жүйесі, интернет
арқылы керекті қағаздарыңыздың барлығын алуға болады. Ешқандай
проблема жоқ.
2016 жылдың сәуір айында аталған орталық ь»аазаматқа арналған үкімет
болып қайта құрылды. Оның огблыс орталықтары мен аудан, қалада
барлық бөлімшелері бар. барылық қажетті деректер мәліметтер базасында
сақталған. Әр адам жеке коды бар. Сол арқылы өздеріне қажентті
анықтамаларды алуға болады. Атап айтқанда қандай қызметтер?
1.Жас босанған аналар баласының туу туралы куәлігін алып, баланың атын
жазып, жедел рәсімдей алады.
2. Еgov.kz порталы арқылы онлайн тәсілмен көлікті де тіркейді.
3. Заңды тұлғаларды да «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы тіркейді
4. Жаңа дүниеге кеклген баланы балабақшаға тіркеу де осы аталған
орталық арқылы жүзеге асырылады.
5. Қазір соңғы талаптарға сәйкес, әр азаматтың өзі қалаған ауруханадан ем
алуға мүмкіндігі және құқы бар. Мұның барлығы да біз «ЦОН» деп атап кеткен «Азаматқа арналған үкімет» корпорациясының орталықтары мен
бөлімшелері арқылы іске асады.
6. Сіздің шетелге шығуға мүмкіндігіңіз бар ма, жоқ па, оны да
@EgovKzBot арқылы білуге болады. Егер сіз борышкер, нақты айтқанда
қарызы бар жан болсаңыз, онда сырт елдерге шыға алмайсыз.
7. Аталған орталық арқылы жылжымайтын мүлік нысандарының да
құжаттарын рәсімдеуге болады. Бір жылда жылжымайтын мүлікті тіркеу
қызметі бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтініш тіркелгенін айта кеткен
жөн.
Демек бұдан шығатын қорытынды не? Қазір халыққа қызмет ету
орталықтарында адамдар өзіне керекті құжаттарын тез рәсімдеп алады.
Бұрынғылай адамдардың көп уақыты кетпейді. Бұл әрине заман талабы.
Айта кету керек, Канада мен Австралияның жүйесіне негізделіп жасалған
бұл қызмет өзінің тиімділігін көрсетуде. Сондықтан да «Азаматқа арналған
үкімет» корпорациясының жұмысы қазір жанданған. Бұл озық джамыған
30 елге санатына енуге арналған батыл әрі жаңашыл қадам деп баға беруге
болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір