• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:13:29
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары
стратегиялық бағдарламасында әр салаға байланысты бағдар бергені
мәлім. Оның ішіндегі ең бастыларының бірі – жалпы халыққа қатысты
медициналық сақтандыру екені мәлім. Ал бұл орайда бүгінгі күнге дейін
не істелініп жатыр? Жалпы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен
аларымыз не?
Айта кету керек, Ұлт жоспарының «80-қадамында «Мемлекет, жұмыс
беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты
негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен
қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан
күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады»
деп атап көрсетілген.
Нақты айтар болсақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
(МӘМС жүйесі) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатынын
айта кеткен жөн. Әрине келер жылдан бастап МӘМС-тің енгізілетінін
бәрі де біледі. Ал аталған бағдарлама енгізілу үшін не істелінуі керек? Ең
алдымен заң-зәкөн керек. Ал мұның барлығы да бүгінге күнге дейін
істелініп қойды. Атап айтар болсақ,
1. Бірінші нормативтік заңдар қабылданды.
2. Халық арасында ауқымды түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары
жүргізілді.
3. Мемлекеттің халық алдындағы міндеттемелері толықтай
нақтыланды.
4. Осыған байланысты арнайы келісімдер де бекітілді.
5. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пакеті
нақтыланды. Аталған пакеттің тізімінде кімдер бар, мұның барлығы
да халыққа айқын көрсетілді.
Әрине МӘМС жүйесі әлемнің көптеген елдерінде бұған дейін енгізілген.
Мұның пайдалы жағы өте көп. Ең біріншіден, азаматтар жұмыссыз
болмауы қажет. Осы орайда үкімет азаматтардың жұмыссыз қалмауы
үшін барлық шараларды жасауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі халықты жұмыспен қамтамасыз етуде. Бір ғана мысал,
министрліктің дерегіне сенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда 5,1 миллион
жұмыскер бар. Олар–жалдамалы, ал жеке кәсіппен шұғылданатындардың
саны 800 мыңның шамасында, яғни 1 миллионға жуық адам шағын және
орта кәсіппен айналысады деген сөз. Сондай-ақ өзін -өзі жұмыспен
қамтамасыз етіп отырған тағы 1,9 миллион адам бар.

Демек жұмыс істейтін азаматтардың барлығы да міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандырудың қызметіне жүгіне алады. Қарапайым тілмен
айтар болсақ, жұмыс істейтін азаматтардың барлығына да арнайы жарна
аударылып отыратын болады. Ал мемлекет өз есебінен төлейтін арнайы
азаматтар да бар. Олар жеңілдік жасалған 15 санатқа кіретіндер. Оларға
мемлекет өз қазынасынан ақша төлейді. Негізі біз атап өткен 15 санатқа
кімдер кіреді? Оған «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелерінен бастап,
балалар, тіпті уақытша тергеу изоляторында жатқан адамдарға дейін
кіреді. Демек, бұдан шығатын қорытынды не? Мемлекет жұмыс
істейтіндерді де, жұмыссыз отырғандарды да міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесі арқылы олардың денсаулығының мықты
болуын қамтамасыз етіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір