• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:29:33
Алматы
+35°

Павлодар қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасын белгісіз адамдар ұрлап кетпек болғандеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі time.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Гүлфаз Ауванованы қаланың орталығында орналасқан жекежайдың қасында ақ көлікке салып ұрлап кетпек болған. Дегенмен Гүлфаз Ауванова қашып үлгерген. Полиция депортаментінің баспасөз хатшысы болған оқиғаны растады. 

Полицияда хабарлағандай, келіншекке шабуыл 18 қыркүйек күні жасалған. Қазір "Ұрлау" бабы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды. Полиция арам пиғылды азаматтарды іздестіруде.

Бұл іске қатысты криминалдық полиция үш нұсқаны қарастыруда. Біріншісі құн талап ету, келесі тұрмыстық жанжал және қаржы-шаруашылық қызмет.

Қарындасының жағдайына алаңдаған Даниал Ахметов бірден Повладар қаласына ұшып келген. Кейін Гүлфаз Ауванованың жағдайы жақсы екеніне көз жеткізгеннен соң Өскеменге оралған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір