• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:54:03
Алматы
+35°

Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев белсенді жастармен және волонтерлармен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат тілшісінің дерегін негізге ала отырып. 

«Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жастар сапалы білім мен тәрбие алуы керек. Барлығы сіздерге байланысты. Сіздерге спорт және мәдени нысандар қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалады», - деді Сапарбаев.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин:

- Бүгінгі таңда жастарға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. 2017 жылы Қазақстан 183 елдің жастарын дамытудың халықаралық рейтингінде 61-ші орынды иеленді. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Министрлік, Үкімет жастарды әлеуметтендіруге бағытталған 89 шараны жоспарлады. Бүгінгі күнгі ең үлкен жетістік ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда баспана мәселесінің шешілуін атап өтер едім. Жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастарға жалдамалы баспана 5 жылға беріледі. Бұл уақыт аралығында олар ақшаларын жинап, басқа мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана алады.

Айсұлу Ерниязова еріктілердің атынан Бердібек Сапарбаевтан еліміздегі барлық ЖОО-ларда еріктілер үйірмесін ашу, стипендия және ақылы бөлімде білім алып жатқан еріктілерге жеңілдіктер қарастыру мәселесін шешіп беруді өтінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір