• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:34:20
+35°

Таразда түзеу мекемесінің қабырғасынан белгісіз түйіншек лықтырған азамат қолға түсті. Оқиға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде болған.


18 қыркүйек күні түнгі сағат 22:00 шамасында №5 және №6 бекеттердің арасында орналасқан №4 бекет маңайында мекеме аумағына негізгі қабырғадан лақтыру арқылы сырттан белгісіз зат түскені хабарланған. Оқиға орнына тексерушілер әскери наряды дереу жөнелтіліп, олар аталған аумақтан жапсырма лентамен (скотч) оралған түйіншек тапқан.


Осы уақытта мекеменің сыртқы жағында, аталған аумаққа жақын орналасқан гипс зауытының маңайында еуропалық нәсілді, 20 мен 25 жас аралығындағы бойы 172-175 сантиметр шамасындағы белгісіз азамат қолға түскен. Өзін Иза деп таныстырған ол жоғарыда аталған түйіншекті өзінің досы үшін лақтырғанын айтқан. Алайда, оның аты-жөнін айтудан үзілді-кесілді бас тартқан.


Жүргізілген №374 сараптама нәтижесінің қорытындысына сәйкес түйіншектің ішінде салмағы 92,5 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты бар екені анықталып отыр.


Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сондай-ақ, орын алған жайт туралы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне, облыстық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір