20 Қыркүйек, 2019 Спорт
Құлахмет филидік боксшыдан нокдаун алып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды (видео)
75 килограмда жұдарықтасқан Құлахметке жекпе-жек барсында бір рет нокдаун алса да, филипин боксшысын 3-2 есебімен жеңді.
Қазақстан боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы) бокстан Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Эумир Марсиальға (Филипин) есе жіберіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
75 килограмда жұдарықтасқан Құлахметке жекпе-жек барсында бір рет нокдаун алды, бес төреші де жеңісті филипиндік боксшыға берді.
Енді Құлахметті ұтқан Эумир Марсиаль финалда Глеб Бакшимен (Ресей) жұдырықтасады. Бакши бүгін жартылай финалда Эберт Да Консейсауды (Бразилия) ұтты. Ал ширек финалда ресейлік боксшы осы салмақтағы Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Арлен Лопесті жеңген болатын.
26 жастағы Тұрсынбай Құлахмет - Қазақстан чемпионтаның күміс және қола жүлдегері. Ол биылғы жылы Бангонкте (Тайланд) өткен Азия чемпионатында алтын алған.
Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстанның алты боксшысы шыққан. 52 килограмда сынға түскен Сәкен Бибосынов та (Түркістан облысы) жартылай финалда Пангал Амитке (Үндістан) есе жіберіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Енді бүгін жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізуге Қазақстанның тағы төрт боксшысы шығады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір