• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:16:43
Алматы
+35°

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған шаралар жазушының кезінде тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімімен жалғасты. Тақта Медеу ауданы Назарбаев көшесіндегі 118-үйдің шығыс жағына ілінген.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мемориалдық тақтаның болашақ ұрпаққа мәңгілік ескерткіш екенін айтты.

– Құрметті ағайын, қадірлі қауым! Баршаңызды көрнекті қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылуымен құттықтағым келеді. Әбіш ағамыз өзінің шығармаларымен қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Төл әдебиеттің қалыптасуына бар ғұмырын арнап, өшпес із қалдырды. Ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп, сарқылмас мол рухани мұра қалдырды. Оның тұлғалық келбеті жылдармен жасарып, ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпағымен, ұлтымен жалғаса береді. Оның өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры халқымыздың есінде мәңгі қалады. Қадірлі қауым, осындай ардақты азаматтарымыздың есімін ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Әбіш ағамыздың аруағына тағзым етіп, орнатылған мемориалдық тақта болашақ ұрпаққа мәңгілік естелік болсын, еліміз аман, отанымыздың мерейі арта берсін дегім келеді, – деді қала әкімінің орынбасары.

Шара барысында Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын Есенғали Раушанов Әбіш Кекілбаев туралы естеліктерімен бөлісті. Ақын Теміржан Медетпек жазушы тұрған пәтер болашақта музей үйге айналар деп тілектестік білдірді.

лоьа

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір