• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 11:35:37
Сарапшылар жолдаудың жүзеге асырылуын талқылады

20 Қыркүйек, 2019 Спорт

21 жастағы қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионын нокдоунға түсірді (видео)

Екатеринбургте (Ресей) бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Бекзат Нұрдәулетов Хулио Сезар Ла Крузды (Куба) жеңіп, финалға жолдама алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жекпе-жекке қазылық еткен бес төрешінің төртеуі екі боксшының ұпайын тең деп (28:28) бағаласа, бір төреші 29:27 есебімен жеңісті Нұрдәулетовке берді. 21 жасатағы Нұрдәулетов қарсыласын екінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. 

Нұрдәлетов нокдаунға түсірген Ла Куруз Рио Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол әуесқой бокста 2012 жылдан бері ешкімге жеңілмеген. Дәл осы кубалық боксшы 2016 жылы Рио Олимпиадасының финалында, 2011 жылы Бакуде, 2013 жылы  Алматыда өткен әлем біріншіліктерінің финалында қазақстандық Әділбек Ниязымбетовты ұтқан. 

Ертең, 21 қыркүйекте өтетін финалда Нұрдәулетов өзбекстандық Дильшодбек Рузметовпен жұдырықтасады. Өзбекстан боксшысы жартылай финалда англиялық Бенджамин Уиттакерді жеңді. 

Екатеринбургта өтіп жатқан әлем чемпионаты ертең аяқталады. Қазақстан боксшыларының арасынан финалға Нұрдәулетовтен бөлек, +91 килограмда жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев та жолдама алды. Ол финалда өзбекстандық Боходир Жалоловпен жұдырықтасады. Ал Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит жартылай финалда жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір