• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:58:41
Алматы
+35°

Абай атындағы опера және балет театрында Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай өткен кешке халық көп жиналды. Театр фаесінде жазушы кітаптарынан жасалған көрме де көпшілікті қызықтырды.

Концертте жазушының туған жері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев облыс басшысы Серікбай Трұмовтың құттықтауын оқып берді.

– Ассалаумағалейкум, қадірлі әлеумет! Бүгінгі мерейтойға арналған Маңғыстау жұртшылығының ыстық ықыласын қабыл алыңыздар! Арнайы Маңғыстау облысынан келіп, оңтүстік астанамызда басталған Әбіш ағамыздың мерейтойына қатысып отырған жайымыз бар. Маңғыстау облысынң әкімі Серікбай Трұмовтың жолдаған ықыласын оқып беруге рұқсат етіңіздер.

"Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, қадірлі ағайын! Ғибратты ғұмырында аса көрнекті жазушы, салиқалы саясаткер, ірі мемлекет және қоғам қайраткері ретінде елге танымал қазақ қоғамында "Әбіш әлемі" деген тұтастай тұжырым қалыптастырған Әбіш Кекілбаевтың атын қастерлеп, үлгі ету мақсатында білім алып, ғылым игеріп, қызмет жолын бастаған, кемеліне келіп, қалыптасу кезеңдерінің куәсі болған Алматы қаласында 80 жылдық тойына орай ұйымдастырып жатқан шараларыңыз құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстан тарихында қазақтың, әлемнің әдебиетінде, ұлт руханиятының, мәдениетінің жылнамасында мемлекет пен қоғамның қалыптасу, даму дәуірнамасында Әбіш Кекілбаевтың есімі мәңгі жазылған. Оны енді ешқандай уақыт желі өшіре алмақ емес. Артында тамырлы халқы, мәңгілік елі бар. Әбіш аға дүниеден озған жылдары біз осыны сезіндік, осыны көрдік. Мерейтойға орай қазан айының 10-12 күндері аралығында Маңғыстау өңірінде де халықаралық деңгейде бірқатар шаралар өткізіледі! Соған өздеріңізді құрметті қонақ ретінде шақырамыз!".

Кеште белгілі жазушы Төлен Әбдік Кекілбаев шығармашылығына қысқаша шолу жасап, оның қамтыған мәселелері мен көтерген тақырыптары туралы толғамды ой айтты.

Шараның негізгі бөлігінде түрлі өнер ұжымдары бір жарым сағат бойы сазды концерт қойды.

пр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір