• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 05:58:44
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар

Бүгін, 21 қыркүйекте түскі сағат 14.00 шамасында Алматыдағы "Астана" алаңының маңында  полиция мен арнайы жасақ сол маңға жиналған адамдарды ұстады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісінің хабарлауынша, ұсталғандар саны 30-дан асқан. 

Азаматар жиналған маңға алдымен  жергілікті билік пен прокуратура өкілдері келіп, оларға "жиналып тұрғандары  заңсыз екенін айтып", үйлеріне тарауын талап етті.

уцппр

Әкімдік өкілдерінің айтқанына кейбір азаматар "жай жүрміз", "серуендеуге келдік" деп жауап берді. Ал кейбірі "қазіргі билікке қарсы" екендерін айта бастағанда, оларды полиция ұстай бастады. Ұсталғандардың арасында жас 60-тан асқан азаматтар да бар. Ұсталғандар "Қазақстар, көмектесіңдер!", "Сатқындар" деп айқайлады. 

Полиция 30-дан аса адамды ұстаған соң жиналғандар тарай бастады. Арнайық жасақ "Астана" алаңына қатынайтын барлық көшені қоршап, тұрғындарды кіргізбей тұр.

митинг

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір