• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 15:20:54
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

21 Қыркүйек, 2019 NEWS

Бекзат Нұрдәулетов – әлем чемпионы

Ресейдің Екатерингбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бекзат финалда өзбекстандық Дилшодбек Рузметовтан айласын асырды. 

Алғашқы үш минуттық тең дәрежеде өтті. Екінші раундта отандасымыз басымдықты қолына алып, бірнеше нәтижелі соққыларын дарытты. Өзбек боксшысы екінші раундтан бастап шаршағандықтан клинчқа жиі түсе берді.

Тартысты өткен үшінші раундта Бекзат басымдығын арттыра түсіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша 5 төреші де жеңісті отандасымызға берді.

"Жекпе-жекте жаттықтырушылардың тактикасын орындап, маған артылған сенімді ақтауға тырыстым" деді Бекзат кездесуден кейінгі сұқбатта.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір