• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:54:10
Алматы
+35°

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен аптадан бері бірнеше күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Соның бірі-грек-рим күресі. Осы күрес түрі бойынша ұлттық құрама сапында Мойынқұм ауданының балуандары да ел намысын қорғауда. Оның бірі Қарабөгет ауылының тумасы Қорлан Қанатұлы болса, екіншісі ұланбелдік Асхат Дінмұхамедов деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Аталған қос балуан да бұған дейін әлем, Азия чемпионаттарында жүлделі орыннан көрініп жүргенін ел жақсы біледі. Асхат Олимпиада ойындарына да қатысып, шеберлігін шыңдаса, Қорлан Азияның күміс жүлдегері.

Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қорлан Қанатұлы 55 келі салмақта бозкілемге көтеріліп, ақтық айналымға дейін қарсыластарын қоғаша жапырды. Алайда финалда сәттәлік жолдас болмай, Грузия елінің балуанына есе жіберіп қойды. Десе де бұл біз үшін алтынға бергісіз жүлде. Сондықтан Қорланның алатын қамалы әлі алда деп сенеміз.

«Мен ақтық айқаста сәл асығыстық жасадым. Соным дұрыс болмады»-деді Қорлан журналистерге берген сұхбатында. Алайда оның жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы әзербайжандық балуанды ойсырата ұтқаны ел есінде қалды. Бәлкім осы кездесуде ол көп күш жұмсап қойды ма деген ойда келеді. Қорлан егіздің сыңары. Оның екінші сыңары Бағлан да күрес спортымен айналысып, үлкен жетістіктерге жетіп жүрген жампоз.

Ал мойынқұмдық екінші балуан Асхат Дінмұхамедов болса, әзірге үш қарсыласын тізе бүктіріп, айды аспаннан шығарып отыр. Ол әсіресе Ресей елінің Олимпиада чемпионын тұқырта ұтып, жерлестерін бір қуантты. Оның алдағы жекпе –жектерінде де жеңіске жетіп, алтын медальға қол жеткізуін тілейміз. Боз кілемде Асхатты тек жеңіс тұғырынан көрейік.

Иә, кейінгі жылдары жамбылдық жампоздар әлемдік ераналарда атой салып ғана қоймай, төрткүл әлемді таланттарымен тәнті қылуда. Әсіресе шалғай ауылдардан шыққан жастар жарыстарда жасындай жарқылдап, жүзден жүйрік шығып жатыр. Шындығына келгенде алыстағы Мойынқұм елді мекенінде ауылдар былай тұрсын, аудан орталығында жастардың спортпен шұғылдануына барлық жасалған дей алмайсыз. Міне осындай жайтқа қарамастан жалынды жастарымыз топ жарып келіп жатқаны сөзсіз қуантады. Бұл Жамбыл спортының жұлдызы әркез жарық екенін тағы бір айғақтап тұрғандай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір