• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:49:38
Алматы
+35°

Экономиканы әртараптандыру және шикізат экспортына тәуелділікті азайту үшін индустрияландыру бағытындағы бағдарламаларға барынша басымдық беру қажет екені белгілі. Сондықтан, биыл индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту картасына 2 жоба енгізуді жоспарланған. Соның ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округіндегі «СуперФарм» ЖШС-нің «Бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауытының көлемін кеңейту» құрылысын іске асыру жобасының құны шамамен 3,5 миллиард теңгеге жуықтайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жер көлемі – 1,5 гектар. Жоба жүзеге асқанда 250 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоба бүгінде облыстың индустрияландыру картасына енгізілді.

Қысы-жазы еңбектенуді қажет ететін, бейнетіне сай табысқа жетелейтін негізгі саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Бұл салаға тоқталсақ өңірде 2 389 агроқұрылым жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 361 шаруа қожалығы бар. Олардың өнімінің жалпы шығарылымы – 9 миллиард 249,7 миллион теңге. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда меже 116,7 пайызды құрап отыр. Өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 987,4 миллион теңгеге өнім өндірілді. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 7 миллиард 251 миллион теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта күн тәртібіне қойылған басты мәселенің бірі – жер игеру. Себебі жер бос жатпауы керек. Мәселен ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері – 28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар. 1 638 гектар көп жылдық екпелер болса, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері. Соңғы екі жыл көлемінде 8 805,05 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 7 866,5 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды. Бұл бағытта да жүргізілген жұмыс жандану үстінде.

Қазақ мал шаруашылығына ертеден бейім халық. Ата кәсіпті арда тұтқан ауылдықтар бұл саланың дамуына еселі еңбегімен үлес қосуда. Соның арқасында биыл мал мүйізді ірі қара саны 44 806-ға жетті. Қой-ешкі – 250 631 болса, жылқы – 19 244. түйе – 118, үй құстарының – 343 533-ті құрады. Аудан көлемінде 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңдары және 14 тауарлы сүт фермалары бар. Осы жылы 23 974,4 тонна сүт, тірі салмақта 4 489,2 тонна және сойыс салмақта 2 468,5 тонна ет, 40 036,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 102,9 пайызға, ет 105,2 пайызға, жұмыртқа 116,2 пайызға орындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір