• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:01:23
Алматы
+35°

Өткен жылы елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысының құрылғаны белгілі. Бұл ұйымның өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәртиелеуге тигізер ықпалы мол болмақ. Сондықтан да оның жұмысын жандандыруға жан-жақты көңіл бөлінуде. Осы орайда алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылып, іске кірісіп кетті. Ә-дегеннен облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен және «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев арнайы кездесіп, үшжақты меморандумға қол қойды.

Қазіргі таңда өңірдегі барлық мектепте жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында клубтар құрылған. Ал облыс бойынша қозғалыстың 13 500 мүшесі бар. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысының облыстық филиалының төрағасы Дулат Абдусамиттың айтуынша, мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, көптеген шаралар атқару жоспарланып отыр екен.

– Жалпы, «Жас сарбаз» қозғалысының басты мақсаты-барлық өңірлеріміздегі жас қазақстандықтарға өз әлеуеттерін жүзеге асыруына жәрдемдесу, оларға өршіл батырларымыз үлгісінде патриоттық тәрбие беру, бойларына Отанға деген сүйіспеншілікті егу, рухани кемелдікке алғашқы қадамын жасауына септесу болып табылады. Облыстық филиал бүгінгі таңда жкүтелген жауапкершілік жүгін мүмкіндігінің жеткенінше көтере біліп, сенімге селкеу түсірмеуге тырысып бағуда. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында обтыстық деңгейде, аудандарда түрлі шаралар өткізіліп, жобалар жүзеге асырылуда. Одан бөлек жастарымыз республикалық аламандарға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр,–дейді Дулат Ержанұлы.

Жаңа ұйымның жұмысын жандандыруға Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұжымы да қолдау көрсетуде.

–Дулат Ержанұлы облыстық филиалдың жұмысын жандандыру мақсатындағы алдағы жоспарларын айтқанда қуана-қуана қолдайтынымызды айтқанмын. Бүгінгі таңда бір мақсатта бірлесіп жұмыс істеудеміз. Әсіресе облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Молдиярұлымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз. Облыстың бас полицейі жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын терең сезініп, кез келген жағдайда қолдау білдіруге дайын екендіктерін білдіруде. Алдағы уақытта полиция департаментімен бірлесіп «Жас сарбаз» қозғалысының аясында «Жас инспектор» жобасын қолға алғалы отырмыз,–дейді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Қанатов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір