• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:10:20
Алматы
+35°

Кейінгі жылдары Жамбыл облысның орталығы-Тараз қаласы адам танымастай ажарланып келеді. Сәнді саябақтар мен келісті көшелер шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы атмосфера қалыптастыратындығы даусыз. Осы орайда жергілікті билік тарапынан жылу жүйелері мен көше жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасына да айрықша назар аударылуда.

Дәл қазір облыс орталығының басты көшелерінің бірі – Абай даңғылының бойында жол жөндеу жұмыстары қайта қолға алынып отыр. Қауырт жұмыстың жүргізіліп жатқанын көрген тұрғындардың көкейінде сұрақ көп. Мұның мәнісін түсінбей жатқандар да бар. Осы орайда тапсырыс берушілер талабының нәтижесінде мердігер компания өз міндеттерін орындауға мәжбүр болған.

Нақтылап айтсақ, былтыр көктемде Абай даңғылының Төле би мен Дулати көшелері арасындағы 1,1 шақырымдық бөлігінде жылу магистралі ауыстырылған. Мердігері – «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

– Мемлекеттік сатып алу туралы 2018 жылғы 30 наурыздағы №30 келісімшартқа сәйкес «Арайстроймаркет» ЖШС Абай көшесінің бойына 628 635 546 теңгеге жылу жүйелерін жөндеген. Жөндеу жұмыстарының мерзімі – 2018 жылғы 30 мамыр мен 2019 жылғы 30 қаңтар аралығы. Бұл учаскенің қабылдау актісіне сол 2018 жылдың 1 қазанында қол қойылған. Ал биыл мамыр, маусым айларында жолдың асфальт-бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жол беті төмен түсіп кетіп, қайта жөндеуге тура келді. Осыған байланысты облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей қадағалауымен әрі келісімшарттың 7.2-пунктіне сәйкес мердігер компания жуырда жолды қайта жөндеуге кірісті. Келісімшарт бойынша компания үш жылға дейін қазған жеріне қызмет көрсетеді, – дейді «Таразтрансэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Жақсылық Жөгібаев.

Жақында бұл мәселені облыс басшысы Асқар Мырзахметов өзі тікелей назарға алып, тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын. Өткен сенбіден бері мердігер компанияның бірнеше техникасы Абай даңғылының бойында жұмысқа қызу кірісіп, асфальт қабатының 6 сантиметрін қайта аршып алып жатыр. Құрылысшылар енді бір аптаның ішінде жұмысты өз қаржысы есебінен аяқтаймыз деп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір