• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:11:19
Алматы
+35°

Көптеген елдердегі орын алған қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Қазақстандағы қызылша жағдайына да әсер етуде. Өткен жылдың қараша айының басынан бастап қолайсыз елдерден қызылша инфекциясын әкелу саны артыпты. Бұл жағдай денсаулық сақтау органдарының тұрақты бақылауында болғандықтан, Жамбыл облысында осы жылдың тамыз айында аталған дертпен сырқаттану сәуір айымен салыстырғанда 5,8 есеге төмендеген.

– Облыс бойынша арнайы контингенттерді (әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы, сотталғандар және тергеумен қамалғандар) қоса алғанда, егу мәртебесіне қарамастан тұрғылықты жері бойынша еңбек қызметін вахталық әдіспен жүзеге асыратын 20-дан 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) 113 мыңнан астам адамды вакцинамен қамту жоспарлануда.

Вакцинация 332 егу пункттерінде, 1 244 медициналық қызметкерлер тарапынан жүргізілетін болады. Қызылшаға қарсы екпені алғаннан кейін егілген адамда шаншу орнында орташа ауру, дене қызуының жоғарылауы, сирек жағдайларда денеде бөртпе, 2-3 тәуліктен кейін өз бетімен өтетін егуге мүмкін болатын реакция пайда болуы мүмкін. Екпе алдында медицина қызметкері егілетін тұлғаға немесе оның ата-анасына, заңды өкіліне екпе туралы, екпеден кейін мүмкін болатын қолайсыз белгілер және иммундаудан бас тарту салдары туралы толық ақпарат беруі тиіс, – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев. Ғазиз Дүйсенбекұлы.

Бүгінде инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, 2 мыңға жуық науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға қызылшаға қарсы екпе егілген көрінеді.

Қызылшадан қорғаудың бірден-бір тиімді тәсілі – вакцинация. Бүкіл әлемде иммунопрофилактика инфекцияларға қарсы күресте ең тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде таныған. Сол үшін де елімізде 19 жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жүргізілуде. Балаларды вакцинациялау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар сатып алынады.

Мамандардың айтуынша профилактикалық егуден бас тартқан адам өзінің инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айырылады екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір