• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:17:16
Алматы
+35°

12 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Әлем неге «жасыл экономикаға» көшті?

Әлем неге Назарбаев ұсынысынан кейін «жасыл экономикаға» бет бұра бас

Адам баласы өмір сүруін жақсарту үшін әркез жаңашылдыққа бой ұрған, ізденген. Қашан да қосымша балама көздерді іздеген. Бір нәрсе айқын, жыл өткен сайын энергия көздерін тұтыну артып барады. Не істеу керек? Әрине, өркениет мұндай кезде баламалы қуат көздеріне жүгінген. Ақиқаты, барған сайын жылу-энергетикалық ресурстардың тапшылығы  байқалып келеді. Сондықтан да балама жылу көздерінің маңызы артты. Қазіргі уақытта негізгі энергия көздерінің 85 пайызы нақты айтқанда, мұнай мен газ, көмір және тағы басқа жылу көздерінен алынып отыр. Мамандардың бағалауына қарағанда, алдағы 50-100 жылда аталған жылу көздері немесе осы шикізаттар таусыла бастайды.  Тіпті мұнай-40-50 жылда, көгілдір отын-80 жыл, уран 80-100 жылдан соң, ал көмір 400-500 жылда қорын сарқып бітеді деген мәлімет бар. Әрине, аталған мәліметтердің барлығы да адам баласын ойландырады, алаңдатады. Сондықтан әлемде дамыған өркениетті, алпауыт мемлекеттердің барлығы да энергетикалық рексурстардың таусылатынын біледі. Анығын айту керек, бұл жолда Қазақстан да қазіргі уақытта түбінде қуат көздерінің тапшылығы болатынын біліп отыр. Дерекке назар аударар болсақ, біз бүгінгі күнге дейін энергияның 42 пайызын – көмірден, 39 пайызын – көгілдір отыннан, 17 пайызын – мұнайдан алып келдік. Ал 0,2 пайызын басқа көздерден алдық.

Жалпы халықаралық жиындар мен әлемдік саммиттерде ғаламдық проблеманы үнемі көтеретін еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бас Ассамблеясының арнайы сессиясында «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Бұл бағдарлама кейіннен халықаралық қоғамдастықтың қолдауына те болды. Кейіннен 2012 жылы 20-22 маусымда өткен «Рио+20» деген атпен бүкіләлемдік саммитте Назарбаевтың бастамасын әлем елдерінің басшылары қызу қолдады. Қазақстанның бастамасы бүкіләлемдік деңгейде қызу қарқын алды. Сөйтіп ғаламдық энергетикалық-экономикалық стратегия қабылданды.

Расында да әлем неге Назарбаев ұсынысынан кейін «жасыл экономикаға» бет бұра бастады? Оның да себебі бар. Өйткені алдағы 50 жылда ғаламның энергетикалық қуат көздеріне сұранысы күрт артады. Атап айтар болсақ, сарапшылардың септеуіне қарағанда, әлемның мұнай мен мұнай өнімдерін пайдалануы 2 есе, табиғи газды тұтыны -3 есе, басқа да минералдық шикізаттарды пайдалану 3,5 есеге артайын деп отыр. Осыған байланысты әлемнің алпауыт елдері қуат алудың баламалы көздерін іздеуге көшті. Бұл жағдай күн өткен сайын өткір мәселеге айналып барады. Сөз жоқ, баламалы энергия керек. Болашақты ойдаған елдің кез келгені қосымша қуат көздерін өндіруге көшіп жатыр. Барлығы емес әрине, шамасы келетіндер, экономикасы күшті, әлеуеті бар елдер. Ал баламалы қуат көздері дегеніміз не?

Бұл –  күн энергиясы. Бұл – жел энергиясы. Сондай-ақ судан алынатын қуат көздері. Нақты айтқанда, мұның барлығы – экологиялық апатты болдырмау.

Сарапшылардың тұжырымдамаларына қарағанда, ақиқатын айтсақ, ХХІ ғасырдың аяғында күн энергиясынан алынатын қуат көздерінің үлесі әлемде 65 пайызға жетеді деген болжам бар. 2020 жылдың аяғына дейін аталған қуат  көздерін Еуропаның өзі 20 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Өйткені болашақтың энергиясын сақтауды және дамытуды бүгіннен бастамаса, әлемнің ауасы ластанып барады. Экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Экологиялық сарапшылар мұнай-газ саласындағы қымбат жобаларды тоқтатпаса,  2020 жылдың соңына дейін атмосфераға  жылына

6,34 гигатонна көмір қышқыл газы ұшады деп деп болжап отыр. Бұл  келер жылғы болжанған деңгейден 20 пайызға көп. Бұл алдын ала болжанған деңгейден 20 пайызға көп және аталған көрсеткіш  Киото хаттамасына қайшы келеді. Егер осы деңгейде атфосмераға парниктік газдар шыға берсе, 2050 жылдары әлемдік ауаның температурасы+ 3,5-4° -қа жылиды. Ал мұның қатері өте жоғары. Солтүстік мұздақтар еріп, ғаламды су басады. Қазір бірқатар экологтарды алаңдатып отырған тағы бір нәрсе бар. Бұл әлемнің әр түкпіріндегі мұнай-газ жобаларының іске қосылуы. Мұндай қымбат жобалардың саны қазір 14-ке жетіп отыр. егер олар іске қосылса, 2050 жылдан кейін ғаламдық жылыну +5 градусқа артуы мүмкін. Сондықтан халықаралық қоғамдастыққа аты мәшһүр көптеген ғалымдар баламалы энергия көздеріне дереу көшу қажеттігін алға тартуда.

Халықаралық энергетикалық агенттігінің деректеріне қарағанда, алдағы уақытта әлемнің алпауыт елдері балама қуат көздерін қаржыландыруға 4,8 триллион доллар бөлуді қажет деп тауып отыр. Демек, ғалам «жасыл экономикаға»  толық бет бұра бастады. Әсіресе, өндірісі дамыған Жапония, Канада мен АҚШ мемлекеттері жаңартылған, тың қуат көздерін дамытуға көптеп көңіл бөліп жатыр. Тиісті мөлшерде қаржы бөлуді қарастыруда.

Қазіргі экологиялық тепе –теңдік бұзылған уақытта әлем назар аударған мәселеден Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  БҰҰ -ның сессиясында ұсынған «Жасыл көпір» бағдарламасы өміршең құбылысқа айналды. Бүкіл әлем өндірістің лас, зиянды қалдықтарынан қашып, қазір «жасыл экономикаға» бет бұрды. Біздің еліміз де ғалам қуаттаған Елбасының бастамасынан кейін «жасыл экономиканың» тиімділігі мен экологияны сауықтыру үшін құмбыл іске кірісті. Арнайы тиісті заңнамалар қабылдады. Оны жүзеге асыруға кірісті. Алғашқылардың бірі болып «Жаңартылған қуат көздерін қалпына келтіру және қолдау туралы» арнайы заң қабылдады. Елімізде «Жасыл көпір» ұлттық стратегиялық даму бағдарламасы жұмыс істеуге көшті. Сонан кейін аталған бағдарламаны күшейту, оған серпін беру мақсатында «Жасыл даму» құжаты қабылданды. 2014 жылдан бастап,  «Жасыл экономика туралы» жаңадан заң қабылданды. Қысқаша айтқанда, Қазақстан мемлекеті 2050 жылға дейін жаңартылған қуат көздерінің 50 пайызын, су, күн, жел энергиясынан алмақ. 

Бұл анығын айтқанда, үлкен мәні бар стратегиялық жоспар. Үкімет қазіргі уақытта аталған салаға қуатты қаржы бөліп жатыр. Алдағы уақытта да мұны күрт арттырмақ. Өйткені, «жасыл экономиканың» дамығаны керек. Ең алдымен халыққа қажет, өйткені экологиялық тепе –теңдік бұзылса, бұл тұрғындардың денсаулығына қатты әсер  етеді. Сондықтан баламалы қуат көздері іске қосу ел экономикасының дамуы үшін де өте қажетті нәрсе.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір