• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:14:35
+35°

16 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

Расында да біз қазіргі кезеңде «жасыл экономиканың» қажеттілігі туралы оның пайдасы мен тиімділігі туралы жиі айтамыз. Алайда бұл жерде тағы бір нәрсе бар: біз ол туралы үнемі ұмытып кете береміз. Ол – не дейсіз ғой. «Жасыл экономика»  бұл – нарық.  Оған дендеп енгенімізбен бізде осы салаға лайықты маман кадрлар бар ма?  Бұл ең басты мәселе екендігі анық.  Өркениет дамыған сайын тахнологиялар да жаңарып барады. Заман бір орнында тұрған жоқ. Сала жаңарған сайын жаңа мамандықтар пайда болуда. Сол сияқты «жасыл экономика» саласына да жаңа мамандар қажет. Бірақ оған біз қаншалықты дайынбыз? Бұл орайда мемлекет не істеп жатыр? Біз осы сауалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдағанбыз. Қуанышымызға орай министрліктің баспасөз қызметінен тиісті жауап алдық. Демек мамандар бар, оқытылып жатыр. Бұл әрине дұрыс қадам деген ойға келдік. Сонымен...

Министрліктің баспасөз хатшысы мәлім өткендей, бүгінгі таңда «Еңбек» бағдарламасы бойынша өнімді жұмыс істелініп жатыр екен. Басты мақсаты -алдымен жұмыссызды жою, жастарды кәсіпке баулу. Сонымен қатар, сұранысқа ие болып отырған мамандықтар тізімін жасау, жаңа сала «жасыл экономика» үшін мамандарды жаппай оқыту жүзеге асырылып жатқанға ұқсайды. Бұл жерде екі мәселенің барын айта кеткен жөн. Болашақ мамандар алғашқыда 1-6 ай аралығында қысқамерзімдік курстарда оқиды. Ал екіншілері, арнайы колледждерде білім алады. Олар 2,5 жылдың ішінде тиісті мамандықтарын алып шығады. Әрине коледждерде оқығанның өте тиімді екені түсінікті. Өйткені олардың арнайы техникалық  дайын базасы бар.

Бізге тиісті министрліктен мәлім еткендей, 2022 жылға дейін «жасыл экономика»  үшін осы салаға қатысты 258 мың адамды оқыту көзделіп отыр екен. Бұл әрине өте   жақсы қадам.  «Жасыл экономика» деп желпініп сөйлегенмен, соңында оған маман даяр болмай шықса, ең қиыны сол. Сондықтан да ежелден келе жатқан бір тәмсіл бар: істі кадр шешеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір