• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:45:27
Алматы
+35°
 

Қазақстанда арақ өндірісі азайып, сыра мен шылымға сұраныс жоғарылай түскен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 365info.kz сайтындағы деректі негізге алып.

Статистика комитетінің мәліметінше, қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 12,5 млн литр арақ өндірілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда анағұрлым (38%) аз. Өткен жылғы 8 айда өндіріс көлемі 20 млн литрдан асып кеткен болатын.

Өндіріс динамикасының төмендеуі бірнеше жылдан бері байқалып отыр. 2013 жылы орташа айлық өндіріс 3,8 млн литрды құраса, 2016 жылы 2,9 млн-ға дейін түсті. 2018 жылы тіпті 2,5 млн-ды құрады. Қазір көрсеткіш айына 1,5 млн литрға дейін кеміген.

Арақ өндірісімен қатар импорттың да төмендегені байқалады. Жыл басынан бергі 7 айда Қазақстанға 3,9 млн литр арақ әкелініпті. Былтыр бұл кезеңде 4,8 млн литр өнім жеткізілген-ді.

Коняк өнімдеріне де сұраныс төмендей түскен. 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда импорт 40 пайызға (1,5 млн-нан 0,9 млн-ға дейін) азайған. Ішкі нарықтағы өндіріс те 14 пайызға түсіпті.

Арақ пен конякқа деген сұраныстың төмендігі спирт қолданысын азайтуда. Жыл басынан бері 8 айда 790,8 мың литр этил спирті өндірілген. Былтырғы сандар бұдан 32 пайызға көп болатын.

Қалыптасқан жағдай вино өндірісіне де тән.

Есесіне сыра өндірісі жоғары қарқынға ие. 7 айда Қазақстанда 429,4 млн литр көбікті сусын өндірілген. Бұл Қазақстандағы әр адамға, оның ішінде балалар да бар, 23 литрдан айналады екен. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сатылым 1,9 пайызға өскен.

Қазақстандық өндірушілер сұраныстың 91 пайызын қамтамасыз етеді.

Сырадан бөлек табак өнімдеріне де сұраныс артып келеді. 8 айда 9,7 млрд шылым мен өзге де табактық өнім өндіріліпті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен кем болғанымен, сұраныстың қалған бөлігін импорттық тауарлар жапқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір