• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:42:25
Алматы
+35°

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бағытын іске асыру аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға Жамбыл ауданына жалпы сомасы 73 млн 705 мың теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 17 ауылдық округке 8 ауыл ішілік жолдары, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңын орнату, 2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын алаңын орнату, 1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. . Жамбыл ауданы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыруға жалпы құны 726 млн 870 мың теңге қаржы қарастырылды (республикалық бюджеттен 654 млн 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 млн 689 мың теңге).

Оның ішінде: электрмен жабдықтауға 8 жобаға 86 млн 005 мың теңге, сумен жабдықтауға 1 жобаға 14 млн 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге 3 жобаға 149 млн 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеуге 2 жобаға 175 млн 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға 300 млн 766 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша 3 жобаның құжаттары облыстық энергетика басқармасына ұсынылды (Аса ауылындағы музыка мектебін күрделі жөндеу жобасы 136 млн 451 мың теңге, Аса ауылындағы спорт сауықтыру кешенінің құрылысы жобасы 166 млн 667 мың теңге, Аса ауылындағы Абай көшесін орташа жөндеу жобасы 128 млн 760 мың теңге).

Қалған 32 жобаның мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы болып 1 жоба бойынша білім бөлімі және 31 жоба бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.

Осы жобалар бойынша тиісті бөлімдер тарапынан мемлекеттік сатып алу құжаттары конкурсқа беріліп, жеңімпаздары анықталды. Оның ішінде 26 жоба бойынша келісімшартқа тұрып, 9 жоба шағымдануда (на обжаловании) тұр.

Бүгінгі таңда, 1 білім беру нысаны мен 21 жолдың жөндеу жұмыстары басталды.

Тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 102,6%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларды тұтыну индексі 105,6%-ды, азық-түлік емес тауарлар 102,2%-ды және ақылы қызметтер 99,2%-ды құрады.

Бағалардың өсуіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде, 2019 жылы аудан көлемінде 33 әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің ішінде асханалық сәбіз 33,3%-ға немесе 30 теңгеге өсіп отыр.

Аудандағы 17 ауылдық округтегі 200 шағын сауда орындарымен негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты түрде ұстап тұру және үстеме бағаны көп мөлшерде қоспау туралы 144 меморандумға қол қойылды.

Ауданда 16 600 тонналық барлығы 142 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта қоймаларда 240 тонна сәбіз, 2 тонна алма сақталуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір