• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 20:02:15
Алматы
+35°

Жамбыл ауданында бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 716,7 шақырымды құрайды. Атап айтқанда: республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 72 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

- облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым;

- аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 35, ұзындығы 163,0 шақырым;

- елді мекендердегі көшелер саны – 475, ұзындығы - 396 шақырым. Оның 157 шқ асфальтті төсем, 239 шқ шағалды төсем.

2019 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 48,5 млн теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 128,9 млн теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар 5 жол (Аса-Мырзатай, Айшабибі-Қаратау, Пионер-Сеңгірбай, Құмтиын-Өрнек-Ерназар жолдары) орташа жөндеуден өткізіледі.

Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 207,3 млн теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 11 ауылдың 24 көше жолдары жөндеуден өткізіледі.

2019 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 384,8 млн теңге бөлінді.

Абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру

2019 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 33 млн 375 мың теңге бөлінді.

Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 139 млн 742 мың теңге бөлінді.

2019 жылға елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызметі мен тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге 111 млн 920 мың теңге бөлінді.

Аудандағы 42 елді мекеннің 19-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (45,2%). 83 178 адамның орталықтандырылған ауыз сумен 39 526-ы немесе 47,5% қамтылған.

Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (83 178 халықтың 62 466 қамтылған).

Аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і газбен қамтылған немесе 57,1%-құрайды.

2017 жылы 13 елді мекенге (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Қарасу, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Әулиекөл) магистралдық газ құбырларын жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Жалпы жобаның құны – 4 млрд 531,4 млн теңге.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 300 млн теңге және облыстық бюджеттен 33 млн теңге бөлініп, газ тарату нүктесінен бастап қаражат көлеміне қарай магистралдық газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталды.

Аталған нысан өтпелі болып, 2020 жылға республикалық бюджеттен қаражат толығымен бөлінген жағдайда магистралдық газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.

Елді мекендерге ауыл ішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ-н дайындау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берілді. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы 5 елді мекеннің (Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек) ішкі желілік газ құбырларының ЖСҚ-н дайындауға 40 млн 525 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалған 8 елді мекен бойынша ЖСҚ-дайындауға 2020 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлу жоспарлануда.

Жалпы 13 елді мекеннің тұрғындарын магистралдық және ішкі желілік газ құбырларының құрылысын аяқтап, табиғи газға қосу 2021 жылға жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір