• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 12:13:17
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 90 жылыжай бар (көлемі 8 212 га), оның ішінде Аса ауылдық округінде – 3, Айшабибі ауылдық округінде – 1, Ақбұлым ауылдық округінде – 6, Қаратөбе ауылдық округінде – 79, Полатқосшы ауылдық округінде - 1. Аудан бойынша барлығы 1094,7 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 га жаңбырлатып, 864,7 га тамшылатып суару әдісі енгізілген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Үстіміздегі жылы шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен 12 млн 350 мың теңгеге 5 техника сатып алынды (Қаракемер а/о – «Ғалымжан» ШҚ).

Ауданда 2019 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 105 млн теңге бөлінді. Есепті кезеңде төмендегідей егу-емдеу жұмыстары жүргізілді:туберкулезге қарсы егу 32 500 бас мүйізді ірі қара, 40 бас түйе; аусылға қарсы егу 55 000 бас мүйізді ірі қара, 228 800 бас қой-ешкі, 1 800 бас шошқа; Сібір жарасына 36 000 бас мүйізді ірі қара, 130 000 бас қой-ешкі, 10 000 бас жылқы, 30 бас түйе, 1 600 бас шошқа. Эхинакоккозға қарсы 15 000 итке егу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы сарып (бруцеллез) ауруына аудан бойынша 27 164 бас ірі қарадан және 113 301 бас ұсақ малдан қан сынамалары алынып, 40 бас МІҚ мен 213 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетті.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және деректер қорына енгізу бойынша 2019 жылға аудандық бюджеттен 4 млн 819 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде 22 948 бас МІҚ, 123 013 бас ұсақ мал, 2 114 бас жылқы, 50 түйе және 858 бас шошқа бірдейленді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жұмыстарына 3 млн 34 мың теңге бөлініп, 1 090 қаңғыбас иттер ауланып жойылды.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі толық атқарылып, екінші кезеңге 1 912 бас МІҚ, 8 833 бас ұсақ мал, 504 бас жылқы, жалпы аумағы 553 800 шаршы метрді құрайтын 885 қора-жай және 29 400 шаршы метр буферлік аумаққа дезинсекция жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 23 974,4 тонна сүт, тірі салмақта 4 489,2 тонна және сойыс салмақта 2 468,5 тонна ет, 40 036,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 102,9 пайызға, ет 105,2 пайызға, жұмыртқа 116,2 пайызға орындалды.

Ауданда ірі қара малының басы – 44 806, қой-ешкі – 250 631, жылқы – 19 244, түйе – 118, үй құстары – 343 533 басқа жетіп, шошқа малының саны 1 967 басты құрады.

Аудан көлемінде 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңдары (МІҚ – 5 390 бас, қой – 650 бас, жылқы – 330 бас) және 14 тауарлы сүт фермалары (МІҚ – 2 230 бас, оның ішінде 1 731 бас сиыр) бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір