• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:26:35
Алматы
+35°

Бүгінде өңірлердің әлеуетін арттыру бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Елдің еңсесін тіктеу үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жанданып, ел игілігіне жарауда. Бұл сөз жоқ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарды саясатының бір көрінісі. Мұндай игі бастамалар киелі Әулиеата өңірінде де көш ілгері деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен жамбыл облысы Жамбыл ауданның биылға жалпы шығарылған өнім көлемі 35 миллиард 998,3 млн теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызға асқан.

Өнеркәсіп саласында 11 миллиард 134,5 миллион теңгеге өнім өндірілген. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 220,6 пайызды құрады. «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС 6 миллиард 398,3 миллион теңгеге 49,9 мың тонна өнім өндірді.

«КнауфГипсТараз» ЖШС-де 740,8 миллион теңгеге 352,1 мың тонна гипс өнімдері өндірілді немесе 100,6 пайызға жетті. «БиномСтройДеталь» ЖШС 135,2 миллион теңгеге 13,2 мың тонна темірбетон бұйымдарын шығарды немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126 пайызға орындалды.

«Суперфарм» ЖШС 380,3 миллион теңгеге 2 747 мың дана матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды.

«КазУпакТрейд» ЖШС-де 57,1 миллион теңгеге 5,7 мың тонна гипс өнімдері өндірілді.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2019 жылға Кәсіпкерлікті дамыту картасына 2 жобаны енгізу жоспарланған.

Айшабибі ауылдық округінен «СуперФарм» ЖШС-нің «Бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын зауытының көлемін кеңейту» құрылысын іске асыру жобасының құны шамамен 3,5 миллиард теңге. Жер көлемі – 1,5 гектар. 250 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі – 2019 жылдың қараша айы. Жоба Жамбыл облысының Индустрияландыру картасына енгізілген.

Әрине бұл алақан алқызыл түске енгенше алақайлап қуанатын нәрсе. Себебі тұрғындардың тұрмысының түзелуі ең бірінші өңір, өлке экономикасының қарыштап дамып жатқанын айғақтайды. Сондықтан Жамбыл ауданында жасалып жатқан игі тірліктерге тек сәттілік тілейміз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір