• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:28:01
Алматы
+35°

Баспана бақыт шамы. Бүгінде бұл қағида дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Биыл Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жалпы алаңы 37 719 шаршы метрді құрайтын 276 жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,6%-ға орындалды.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 639 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 99 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 292 адам, 138 көп балалы отбасы және 110 мемлекеттік қызметшілер.

Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 9 568 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 104,5%-ды құрады.

Республикалық бюджет 98,1%-ға орындалды.

Жергілікті бюджет 106,8%-ға орындалды. Оның ішінде аудандық бюджет 67,9 млн Теңгеге, облыстық бюджет 79,0 млн теңгеге артық жетті.

Аудан бойынша жалпы тіркелген 4 800 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 16 млрд 296,5 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің 45,2% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық құралдары бойынша 2010-2017 жылдары жалпы 71 жоба (4 млрд 571,9 млн теңге) іске асырылды.

Атап айтқанда:

- Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 29 жоба (1 млрд 904 млн теңге);

- Банктік кредиттері бойынша кепілдік беру бойынша 1 жоба (7,5 млн теңге);

- Гранттық қаржыландыру бойынша 4 жоба (11 млн теңге);

- Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жоба (424 млн теңге).

2011 жылы 322,8 млн теңгеге 2 жоба:

- Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Super-Pharm» ЖШС құрал-жабдықтар сатып алу үшін 265,0 млн теңге;

- Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Әлжан Азия» ЖШС жылыжай кешеніне 57,8 млн теңге.

2012 жылы 412,9 млн теңгеге - 4 жоба:

- Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша «Қуаныш» ШҚ жылыжай кешенінің құрылысына және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін 50 млн теңге және «Аиан» ШҚ тауарлы-сүт фермасының құрылысына 20,0 млнтеңге;

- Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің құрылыс материалдар комбинаты 13,6 млн теңге және «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС 329,3 млн теңге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір