• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:15:57
+35°

Жамбыл облысында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында мәдениет саласында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынып, өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, Елбасы айтқан киноиндустриясын дамыту ісіне ерекше мән берілді. Өткен жылы өңірде жас режиссер Елжан Жармұхамедовтың «Сағым» фильмі көпшіліктің көз айымына айналса, алдағы уақытта «Абсент» деп аталатын жаңа туындының түсірілім жұмыстары қолға алынатын болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

1960 жылы Италияның Рим қаласында өткен ХVII Жазғы Олимпиадасында алтын медаль иеленген Абсенттің аты сол кезде Кеңес Одағында дүркіреп тұрды. Араға төрт жыл салып Токио Олимпиадасында күміс медаль еншілеген Абсент шын мәнінде әлемдік ат спорт тарихында аңыз болып болған тұлпар. Ал бұл тұлпар 1952 жылы Жамбыл облысындағы Луговой асыл тұқымды зауытын мал зауытында дүниеге келген. Оны бәйгеге дәл осы зауыт мамандары баптаған. Абсентті бала күнінен танып баптаған жанның бірі Кәрім Әсенов есімді Ұлы Отан соғысының ардагері еді. Майдан даласында атты әскер сапында жүріп өтіп, полк командирінің орынбасарлығына дейін көтерілген майдангер соғыстан соң саналы ғұмырын ат баптауға арнайды.

Сол секілді танымал журналист Қалыбек Атжан жазған «Абсент» мақаласында да аты жер жүзіне танылған тұлпар жайындағы бірқатар тың деректер келтірілген. Мақала танымал тұлпарды баптаған Модаш Әміреев есімді ақсақалдың сұқбат түрінде өрбиді. Онда ақсақал Абсенттің арғы тегінен бастап кіндігінен тараған ұрпақтарының тағдырына дейін біршама құнды деректерді тіліне тиек етеді.

«Ақалтеке аталатын жылқы тұқымыны атағы алысқа кетуi Бойнау атты бастау алады. Міне дәл осы Бойнау ахалтеке тұқымдас жылқылардың атасы саналады. Абсент Бойнаудың төртінші ұрпағы. Ал бұл ақалтекелердің төзімділігімен шыдамдылығына Кеңес одағы басшыларының көз жеткізуінің өзіндік сыры бар. 1935 жылы 34 ақалтекені тақымға басқан шабандоздар Ашхабаттан Мәскеуге дейінгі 4 мың 300 шақырымды атпен жүріп өткен. Міне осы жорықта көзге түскен «Араб» сәйгүлігінен Абсент дүниеге келді. Осы сәйгіүлікті Маршал Семен Буденный №49 Әулиеата жылқы зауытына сыға тартқан. Кейін бұл жылқы зауыты жабылып оның бүкіл базасы Лугавой асыл тұқымды зауытына көшірілді. Міне Абсенттің тарихы осы жерден басталды» дейді ақсақалға өз сұқбатында.

Тағы бір мәліметтерде Абсенттің кіндігінен тараған 70-ке жуық құлынның ішінде Абақан, Айдар есімді тұлпарлардың болғандығы дай айтылады.

Фильмде дәл осы деректер пайдаланылса оның мазмұны мейлінше байи түсер еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір