• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:03:46
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тарауы отандық киноиндустриясы үшін соны мүмкіндіктер берудің бастамасы болғаны аян. Сондықтан ендігі кезекте ел тарихынан сыр шертетін танымды деректі фильмдер, телевизиялық сериалдар, көркем фильмдер киносүйер қауымның көз айымына айналмақ. Бұл бағытта Жамбыл облыстық кино орталығымен жасалынған жұмыс жүйелі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 

Шынтуайында сайын дала төсінде тәуелсіздік пен азаттық үшін болған күрестің кез келген қаһарманы, олар жайында айтылатын аңыз әңгімелер талай кинотуындының сюжетіне айнала алады. Оған қоса кино тек тарихты танытып қана қоймай оны әлемге аян етіп, туристерді тартудың құралына айналуы да заңдылық. Бұл орайда талай тарихи-мәдени орындарымен аңызға айналған киелі орындарымен танымал Әулиеата өңірінде талай шедеврге арқау боларлық дүниелер жетерлік. Әрі бұл жобаны жүзеге асырудан облыстық кино орталығы аянып қалмайды.

–Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асырудың арнайы жоспары жасалынған. Ол жоспарға тиісті қаражат көзі қарастырылғанша орталық мамандарының күшімен «Қызғалдақтар» деп аталатын шағын көркемфильм түсірдік. Қазір бұл бейнетуынды монтаждалу үстінде. Бұл кинокартинада қызғалдақтың өңіріміздің символы ретінде рөліне айрықша басымдық берілді. Фильмдегі алғашқы диалогтың өзі көрерменді тартып кетеді. Туынды жақын арада киносүйер қауымның назарына ұсынылады.

Жалпы облыстық кион орталығы өз мәртебесін 2012 жылы алды. Алғашында бұл құрылым бейнеқордағы туындыларды көпшілік назарына ұсынумен ғана айналысып келді. Ал 2017 жылдан бастап шағын роликтерді түсіру жұмыстарын қолға алдық.Содан бергі екі жылда сан түрлі әлеуметтік мәселені қаузайтын 40 ролик көрермендерге ұсынылды. Сонымен қатар қорымызда 2 қысқа метражды көркем фильм, 1 толық метражды кино бар, – дейді облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық кино орталығының басшысы Сайлау Лесбаев.

Қазіргі таңда орталықтың шығармашылық ұжымы өңір басшысының тапсырмасымен облыстың 80 жылдық мерейтойына орай деректі фильм түсіруге жұмылдырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір