• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 01:09:51
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Президент жолдауы – өркендеудің негізі

Байзақ ауданындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге арналған жиын өтті. Оған мәдениет саласының ардагерлері, клуб және кітапхана меңгерушілері, кітапханашылар қатысты.

Айтулы шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарға қысқаша тоқталды. Салтанат Бәйтеліқызы Мемлекет басшысы бекітіп берген басты міндеттер - халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандығын жеткізді.

Бұдан ары сөз алған спикер, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айтылған маңызды бағыттар: инклюзивті қоғам құру, білім беру, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру, шағын және орта бизнесті өркендету, отандық зейнетақы жүйесін дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес сынды мәселелерді шешу көзделгендігін баяндады.

– Президент өзінің Жолдауында еліміздің тәуелсіздігін, оның экономикалық әлеуеті мен адам капиталын одан ары нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды екендігін баса айтқандығын алға тарта отырып, алдағы жылдан бастап, мәдениет қызметкерлерінің, соның ішінде, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақылары көтерілетіндігіне екпін салды. Халқымыздың мақтаныштары: әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту кезінде, олардың еңбектерін халық арасында дәріптеуде жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын әңгімеледі. Халықты алда тұрған мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыратын құжаттың маңыздылығын атап өтті.

Президенттің: «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.

Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» –деген сөзіне сүйене отырып, Сәкен Шәмшіұлы ел бірлігін сақтау, этносаралық татулықты нығайту бағытында қолға алынатын жұмыстарды баса айтты.

Жиын барысында «Президент ұсынған бағыттарды іске асыруда қандай қадамдар жасаймыз?» деген сауал төңірегінде әңгіме өрбіді. Байзақ ауылдық клубының меңгерушісі Шырынкүл Тоқболатова қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының өзектілігін айтса, мәдениет үйінің әдіскері Гүлназ Әлімқұлова мәдениет саласы өкілдеріне көрсетілетін қамқорлыққа көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ кітапханашылар да құнды пікірлерін ортаға салды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір