• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:52:00
Алматы
+35°

Спортпен тұрақты шұғылданушылар үшін жақсы жабдықталған спорттық нысандардың аса қажет екені белгілі. Бұл ретте, Жамбыл облысында аталған қажеттілік барынша өтелген. Атап айтқанда, бүгінгі күнге облыста спорт нысандарының жалпы саны 2 364-ке жеткен. Оның ішінде аудандарда 1 856 спорт нысаны орналасқан.

Облыс тұрғындарының жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді 2305 спорт нысаны анықталған. Бұл жалпы спорт нысандарының 98 пайызын құрады. Жыл соңына дейн қолжетімді спорт нысандарының көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Аталған нысандарда жыл сайын тұрғындардың спортпен шұғылданудың арнайы кестесі жасалып, ол жергілікті баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілердегі парақшаларына тұрақты түрде жариялау тәжірибесі орныққан.

Сонымен қатар, алдағы уақытта сабақтан тыс бос уақытта орта мектептердің спорт залдарын пайдалану үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, білім басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты мерзімсіз меморандум жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығына сәйкес бекітілген прескурантпен «Тараз-Арена» спорт сарайы, №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теннис корты және «Дельфин» жүзу бассейнінде 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасының мектеп жасындағы балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері спортпен тегін шұғылдануына және студенттер мен мектеп оқушылары тиісті құжаттарды көрсеткен жағдайда баға прейскурантындағы барлық тарифтерді 50 пайыздық жеңілдікпен пайдалана алады.

Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін аулаларда, парктерде және саябақтарда 2019- 2020 жылдар аралығында Тараз қаласы мен аудандарда 266 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2019 жылы 174 спорт алаңшасы, 2020 жылы 92 спорт алаңшасы ашылады.

Атап айтқанда, Тараз қаласында 86 спорт алаңшасы, Байзақ ауданындада 19, Жамбыл ауданындада 18, Жуалы ауданындада 10, Қордай ауданындада 21, Меркі ауданындада 15, Мойынқұм ауданындада 16, Талас ауданындада 10, Сарысу ауданындада 14, Т.Рысқұлов ауданындада 13, Шу ауданындада 44 спорт алаңшасы салынбақ. Онда тұрғындар футбол ойнап, стритворкаутпен айналысып, өзге спорт түрлерімен шыныға алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір