• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 20:29:23
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

22 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жамбылда 2 мыңнан астам спорттық жарыс өтіп, оған 371 мың адам қатысқан

Өңір спортының, оның ішінде бұқаралық спорттың даму көрсеткіші, әрине өткізілген спорттық жарыстар мен қол жеткізген табыстармен өлшенері ақиқат. Атап айтар болсақ, жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 2065 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 371,7 мың адам қатысты.

Соның ішінде соңғы төрт жылда спорт және білім басқармалары бірлесіп өкізіп келе жатқан облыстық кіші футбол, волейбол, баскетбол спорт түрлерінен «Мектеп Лигасы» спорттық ойындарына 130 мыңнан астам оқушы қатысты.

Сондай-ақ, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу жарысы, «Әкем, анам және мен – біздің спорттық жанұя!» ойындары, «Еңбек жастары», «Этномәдени бірлестіктері» қызметкерлетінің арасында спартакияда, жоғары және арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы спартакиада, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футболдан облыстық турнир, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада облыста дәстүрлі өткізілуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бастап футболдан әуесқойлар арасында Жамбыл облысының чемпионаты және мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан «Түнгі Лига» ойындары өткізілуде.

Облыстық спорт басқармасы – облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жаңа жобаларды қолға алып отыр. Мысалы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасында командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан облыстық чемпионаты мен облыстық «Аула ойындары фестивалі» өткізілуде. Сонымен қатар, «Көше ойындары» фестивалі Тараз қаласы мен аудандарда дамытылып отыр.

Аталған іс-шаралар республика бойынша алғаш рет Жамбыл облысында бастау алып отырғандығын және үшінші жыл қатарынан өткізіле бастағандығын да айта кеткен жөн.

Бір сөзбен айтқанда Жамбыл облысының спорты бүгінде жоспарлы түрде жұмыстарының нәтижесінде қалыпты дамып келеді. Өңір спортын өркендету жолындағы мақсатты жұмыстардың барлығы облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей қолдауымен іске асырылып отыр. Жалпы, жамбылдықтар спорт әлемінде, оның ішінде халықаралық спорт жарыстарында қол жеткізілген табыстармен шектелмей, алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруға бар күш-жігерін жұмсауға дайын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір